^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player
Компоненты, модули, шаблоны и другие Расширения Joomla

 

«Осы мәселеге араласпай-ақ қойсақ»- деп едік. Болмады. Жер-жерден келген хаттар мен, телефон қоңыраулары  жанымызды жай таптырмады. Қараша айының соңғы он күндігінде  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы қаласында мұғалімдерге сыйақы берілетіні жарияланды. Іле –шала арадан 1, 2 күн өткенде «Қазақстанның түпкір-түпкірінде мұғалімдерге жаппай сыйақы беріледі екен»- деген әңгіме тарады. Шындығында әңгіме емес, мектептерден мұғалімдердің тізімі жиналды. «18 сағатқа арналған бір айлық жалақы көлемінде береміз»- деп соқты кейбір өңірлер. Бұлай дейтініміз  мектеп басшылары мұғалімдердің тізімін алып бара жатқанын өз көзіммен көргенмін. Желтоқсан айының 15 не дейін күтті ұстаздар. Кейбірі сыйақы алатынына қуанып сол айдың  шығындарын артығына жоспарлап жатты. Алматы қаласының ұстаздары сыйақыларын алды. Ал басқа өңірлер сол мойнын созған қалпы әлі отыр.

Айлығы шайлығына жетпейтін , қоғамдағы ең әлеуметтік жағдайы төмен ұстаздар қауымы сыйақы дегенде елең етулері  заңды.  Бірі қарызынан құтылғысы келсе, енді бірі «бала-шағама артық несібе келетін болды»- деп қуанды. 

Ұстазын төріне шығарған қазақ едік, көрге сүйрейтіндерге тап болғанымыз қалай? 

«Беремін»  - деп айтпаса да үндемей жүре берер едік қой.  Ұстазбен ойнау кімнің ойына келді ? Бұл не сонда? Ұстазды мазақтау ма, әлде алдау ма?  Ең болмаса бір жапырақ марапат қағазын қимаған жергілікті билік өкілдері ,  «25 жыл бойы ұстаздар еңбек етпеді» дей ала ма екен?

Әрине ұстаздарға деген марапаттар болды, әр-әр жерден жылтылдап бой көрсетті. Біздің айтып отырғанымыз марапатсыз қалған,  «сыйақы аламыз»  деп алданып,  есепке ілінбеген  мыңдаған ұстаздар жайы. 

Ұстаздар еңбегін   ел үшін, Отан үшін  жұмсайды,  дегенмен ала қойды бөле қырқып жатқанда,  қадіріңнің қашқанына өкінеді екенсің! 

Ұстаз киелі маман, жанын жабырқатсаң киесі ұрады! Аяғымызды аңдап басып, сөзімізді талдап сөйлейік! 

Mektep-news.kz