^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player

 

Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл

 Қазақ өркениетіндегі Ұлт және ұрпақ мәселесі

 

Аяулы жарым ӘКІМ Бақытжамал

(Фатиха)Сарыбайқызының рухына

 

I.                   «Уақыт белдеуінің» өркениеттері

Қазақстан ұлттық мемлекетін құрушы Қазақ Ұлтының (Нация) бүгінгі қалыптасуы мен болашақтағы дамуындағы маңызды мәселесінің бірегейі, - ол халқының сапасын көтеріп, санын өсіру яғни демографиялық мәселесін оң шешу болып табылады. 

Г.В.Ф.Гегель, “Ұлттың тірегі Құдай Идеясын құрайтын негізге сүйенеді. Мемлекеттің ерекше формасы, оның құрылымы діннен шығады... Халықтың рухы ерекшеленген және дәл жекеленіп анықталған. Оның сана-сезімі әр саладан алынады; сол белгілі сана-сезімге ол өзінің саяси құрылымы, өзінің өнері, өзінің білімімен келеді...  Халық өзінің мифологиясын анықтаған жағдайда ғана өмір сүреді. Ол мифология халық қалыптасқан жағдайда ғана пайда болуы мүмкін, ал әзірге халық көрінбей адамзаттың ішінде шырмалып

жатқанда жарық дүниеге шыға алмайды. Халық өзінің тәуелсіздігін алып болмаған, бөлініп шығу және қалыптасу жағдайында осындай пайда болу болады. Тіл халықпен бірге пайда болады” дейді (1).

Үш ғасырға созылған отарлық және тоталитарлық жүйенің шырмауынан шыққан тәуелсіз Қазақстанның негізі берік, көршілерімен тең саясат жүргізіп, мемлекеттің ғұмыры мәңгі болуы ұлттың саны мен сапасына тікелей байланысты. 

Қытай, Үндістан сияқты халқы тез өсетін шығыс халықтарына қарағанда қазақтың саны өспеуінің бір себебі көшпенділерге тән шаруашылықты рациональды жүргізумен қатар, отбасы санын шектеуге негізделген кезден қалған «дәстүр», соның айналасындағы заман өзгерсе де көнеден өзгермей келе жатқан тиымдар.

Қазір біздер, саны 1,23 млрд Үндістан мен 1,45 млрд Қытай халқының тез өсуіне, қала берді соңғы 25 жылда саны 53%-ке өсіп, 20-дан 31,8 млнға жеткен өзбек ағайындарға таң қалудан басқа амал қалмауда. Менталитеттері мен дүниетанымдары қазаққа жақын осы шығыс халықтарының Алаш ұрпақтарынан айырмашылығы неде?! Оны түсіну үшін басқа халықтарда осы мәселенің қалай шешілетінін тарихи тұрғыдан саралап, оны өзімізге пайдаланып көрейік.

Г.В.Ф.Гегель, «Қытай мен Үндістанды мәңгі ел», дейді (2). Оның себебі, олардың саны өте көп болғандықтан бұл елдерді ешбір жау ала алмауында. Керісінше, олар сырттан келген кез-келген жауды өзіне сіңіріп (ассимиляция) алады.

Бұл екі халықтың санының осыншама өсуіне не себеп болды?

Қытай халқының «өсу феномені» б.д.д. VI ғ. пайда болған «Дао махаббаты» («Дао») философиясынан басталады. Ол ілім бойынша «Даоны» меңгерген адам ол жасы мен жынысына қарамай жыныстық қатынастың қыр-сырын меңгерген, қазіргі тілмен айтқанда жаны мен тәні сау, әрі үйлесімді («сексуальный») тұлға болып танылады. Бұл ілімді меңгерген мүгедектердің өзі (қол, не аяғы жоқ т.б.) одан хабары жоқтардан гөрі жыныстық қатынаста тартымды болып саналады және оны меңгерген 70-тегі адам 20-25 жастағылармен жыныстық қатынаста тең болады, яғни ол жерде адамдардың бәрі тең, жасқа т.б. ешқандай шектеу қойылмайды, барлық қатынас янь мен инь (жан мен тән) қосылуынан болатын гармониялық үйлесімге негізделген. Ұлттық философияға айналған Дао махаббаты ілімі көне қытайлықтардың санасын түпкілікті өзгертіп, олардың тез қарқынмен өсіп-өнуінің негізі болды.

1950 жылдары 450 млннан астам қытайлықтардың саны соңғы 70 жылда бір миллиардқа өсті.

Сонымен қатар, б.д.д. І ғасырларда басталған Қытай мемлекетінің ішіндегі басқа халықтарды және көрші елдерді жаулап алып ассимиляциялау саясаты бойынша 1912 жылға дейін Қытайды алты ғасыр билеген манжур немесе қарақытайлар (түркілердің бір тармағы) тілдерінен айырылып хансулық болып кетті. Хұбылай ханның кезінде (б.д. XIVғ.) қытайлықтар отарлаушы монғұлдарды да ассимиляциялады. Масимидің деректері бойынша ұйғырдың жартысынан астамын бірнеше ғасыр бойы зорлықпен елдің оңтүстік өңіріне көшіру арқылы қытайландырған...

            Б.д.д. І мыңжылдықта Ғұндар мен Қытайдың арасындағы шекара Хуанхэ өзені арқылы өткен. Одан бері Қытай жерін екі есе үлкейтіп қазіргі территорияны иемденсе, түркілер соншама жерден айырылды. Қазір Шығыс Түркістанды өзінің тарихи атауымен атауға тиым салынған және ондағы 50 миллионға жуық түркі (ұйғыр, қазақ, өзбек, қырғыз, татар т.б.) халықтары ассимиляциялануда.

            Б.д.д. 2700 жылдары көне ғұнның астанасы Ордостан барған Хуанди, 30 нөкерімен алғашқы Қытай мемлекетін құрып, жазуды үйретті. Қытай ғұндардан темір мен сүйек өңдеу (алғашқы Қытай өркениеті Гансу, Шенси т.б. қалаларда Тьер Да-Шарден тапқан), Тәңірдің құдіретімен болған император яғни мемлекеттік басқару жүйесі, Мүшел күнтізбесі,  аруақтарға сиыну (Конфуций ілімінің негізі), ұлттық таңба-тотем айдахарды (жылан) т.б. көптеген жаңалықтарды сүліктей сорып алғанымен, өздері істеген жаңалықтардың ешқайсысын шетке, оның ішінде көрші ғұн-түркілерге бермеді (2а). Ғұндар (түркілер) Қытайдың осы саясатына қарсы еш амал таба алмағандықтан жерінен, елінен, мемлектінен, санынан айырылып келеді.

Оның негізгі себебін Күлтегіннің, «Біз де қытайлар сияқты қалалар салайық» дегенде, оған Тоныкөктің, «Сенің халқың қытайдың небәрі 2%-ын құрайды. Егер қала салсаң олар ертең ақ жаулап алады» деген жауабынан көреміз. «Көп қорқытады, терең батырады» деген осы. 

            ҚХР заңы бойынша ханзуға тұрмысқа шыққан басқа ұлттың қыздары бірден қытайлық болып шығады. Сондай заң қабылдауға қауқарсыз біздің билік пен Парламент жерді шетелдіктерге беру, ЕвраЗЭС-ке кірердегі елге тиімсіз заңдар қабылдауда алдарына жан салмайды.

            Үнді халқы санының өсуі Будда дініне және б.д. ІІІ-ІV ғ. Гупт мемлекетінде пайда болып тараған Ватьясяянаның кама тақырыбына яғни сезім, эмоциональдық өмір, (вожделения), махаббатқа арнаған көне үндінің Камасутра трактаты зор әсер етті. Камасутрада махаббат тақырыбы, оның адам өміріндегі рөлі, қыз бен жігіттің және семьядағы әйел мен еркектің қарым-қатынастары, үйлену тойы, жақсы азамат болу, жыныстық қатынастар («Құдайдың әрекеті» ретінде) сипатталады.   

Ватьсьяяна бойынша жыныстық қатынастың ешқандай ұяттығы жоқ, бірақ онымен жеңілтек айналысу – ол күнә болып табылады. Камасутраның 64 бөлімінің бестен бірі ғана жыныстық қатынастарға арналған.

Оның халыққа кеңінен тарағаны Үндістандағы Будда храмдарында камасутра яғни жыныстық қатынастың 85 позасының «Құдайдың әрекеті» бейнесінде таста бейнеленуі. Ол жыныстық қатынасты Құдайдың деңгейіне дейін дәріптеу болып табылады. Ол әрине, «Қызға қырық жерден тиым салатын» қазаққа жат ұғым. Бірақ, осы жыныстық қатынасты Құдайлармен теңестірудің арқасында үнді халқы соншама өсіп-өніп, ұлы мемлекетке айналып отыр.

Жаратқанның өзі адам дене мүшелерін, оның ішінде жыныс органдарын, - ол өсіп-өнсін, үйреніп өзін-өзі танысын, дүние мен өмірдің қызығын көрсін, бақытты болсын, ұлт болып дамысын деп жаратқан. Жыныстық қатынассыз, сезім толық емес, онсыз махаббат та болмайтыны аксиома! Жыныс органдары (простатаны екінші жүрек дейді) ми мен жүрек сияқты толыққанды органдар. Ұрпақ жалғастығы яғни тіршілік көзі сол органдар болғандықтан, олардың рөлі басқалардан әлдеқайда маңызды екенін жоғарыдағы көршілер ерте түсінген.

Үнді фильмдерінің негізгі атрибуттарына айналып, әлемге таралған шығыс өнерінің мақтанышы «қыз-келіншектердің ішпен билеу» өнері мен қыздардың кіндігін ашып жүруі Кама ілімімен қатар дамуда. 

Ал, қазақ болса Құдайдың беріп тұрған риздығы – перзент өсіруге дәрменсіз болып қалуда және бұл мәселені шешуде көрші Қытай мен Үнді халықтарынан 2,0-2,5 мың жылға кейін қалды және ұлттың өсу мәселесіндегі сананы өзгертпесе, онда әлі қала бермек.

Барлық қасиетті кітаптарда адамды және халықты Құдай жаратты дейді. Исламда адамның жыныстық қатынасы, семья мен ұрпақ мәселесіне жүйелі және терең көңіл бөлінген. Құран Кәрім мен хадистерде Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың жыныстық қатынасты реттеу, бір үйде төрт әйел болса олармен арадағы семьялық қатынастардың кезегі, менопауза кезіндегі әйелдің гигиенасынан бастап, семья мүшелерінің арасындағы көркем мінез бен бала тәрбиесі, ата-ананы құрметтеу (мысалы, «бақыт деген ананың табанында», «анаңды Меккеге арқалап барсаң да борышыңнан құтылмайсың» т.б.) т.б. көп көңіл бөлінген. Ислам ілімі бойынша ұрпақ санының өсуіне барлық жағдай жасап, оның тежеуге ешқандай шек қойылмайды. Тіпті, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) жастардың ерте жаста үйленіп, көп перзентті болу керек екенін де өсиет етіп кеткен. 7-8 ғасырларда мұсылмандар өзгелерден қарағанда әлдеқайда саны аз еді, бүгінде мұсылман дінін ұстанатын ұлттардың саны тез өсіп, бүгінде әлем халықтарының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, дінге бізден әлдеқайда берік өзбек ағайындар жақсы қарқынмен өскенде, қазақтың өсе алмауы біздің ислам өркениетін толыққанды қабылдай алмай отырғанымызды көрсетеді. Бұл жерде мәселе дінде емес, қазақтың керітартпа жоралғылары мен заманға сай келмейтін кейбір ұғымдарында.

 

II.                 Әлем өркениеттері және Ұлы дала

Бұл жерде өркениеттілік мәселесі және оның көне ғұндардан бастап бүгінгі қазаққа дейінгі әсері мәселелері туындайды. Дао, Будда, Еуропа, Ислам – ол қазіргі әлемдік өркениеттердің негіздері екені дүниежүзі тарихы, оның ішінде өркениеттер тарихын жан-жақты зерттеп, олардың классификацияларын жасаған О.Шпенглер (3), А.Дж.Тойнби (4), А.Вебердің және «уақыт белдігі» (осевое время) теориясының авторы К.Ясперстың (5) еңбектерінде дәлелденген.

Ал, осы өркениеттердің мыңдаған жылдар бойы біздің халықты айналып өтіп, оның өмірінде із қалдырмауы (бұл жерде ұлттың өсіп-өнуінде) тарихта толық зерттелмеген түсініксіз жағдай?! 

Жоғарыдағылардың ішінде Альфред Вебердің гипотезасында көне мәдениеттерден жылқыны пайдалануды үйренген көшпенді үндіеуропалықтар ертедегі ұлы мәдениет ошақтары Қытай, Үндістан және Еуропаға басып кірді. Атқа мінген көшпенділер бұл үш аймақта бірдей із қалдырды және дүниенің кеңдігін түсінді. Олардың қауіпті тірліктері бұл өмірдің «жалған» екеніне түсінуге мүмкіндік берді. Олар басымды нәсіл ретінде әлемге батырлық және трагедиялық сана енгізді. Ол эпостарда өз орнын алды.

Тарихтағы бұл өзгерістер Үндіеуропа халықтарының б.д.д. ІІІ мың жылы Еуропа мен Жерорта теңізі маңын жаулауынан басталды. Б.д.д. 1200 жылдары олар Иран мен Үндістанға жетіп жаңа ұлы өзгеріс жасады. Б.д.д. екінші мыңжылдықтың аяғында олар Қытайдың шекарасында пайда болды.

Тарих осы екі күштердің, біріншіден – мәдениетті матриархат, көне, тұрақты, өзара байланыста, оянбаған және жаңа динамикалы, азат ететін, өзінің мәдени борышын (тенденция) түсінген көшпенді халықтар арасында жүрді.

А. Вебердің тезисінде евро-азиялық блоктың ішінде нақты біртүрлілік бары көрсетілген. Бірақ, бүгінгі уақытқа дейінгі зерттеулердің қорытындылары, кезінде әртүрлі көштер (Халықтардың Ұлы көші т.б.) арқасында бір халықтың басқа халықтардың дамуына әсері болды дегенімен, сол өркениеттердің Ұлы дала көшпенділеріне әсері болмағанын түсіндірген жоқ.

Көшпенділер мен отырықшы елдер арасындағы «бітеу жардың» болуы, бұл тарихи зерттеулердің негізіндегі фактілер мен тұжырымдар емес, көшпенділер қауымының ішкі дүниесі мен иммунитетіне байланысты мәселелер болу керек?! Осы, өркениетаралық мәселеден келесі қысқаша қорытынды жасауға болады:

1.  Б.д.д. IV-ІІІ мыңж көшпенділер жылқыны қолға үйретіп (Ботай мәдениеті, Қазақстан), оның әбзелдерін жасау, арба мен қылыш жасап, шалбар тігу т.б. шығарғаны және әлемдік діндердің негізін салған пайғамбарлардың көшпенділер ортасынан шыққаны белгілі. Мысалы, Заратуштра (санскриттен ауд. «Түйесі кәрі»), Иосифте-20 мың, Иаковте-30 мың түйе болған (Көне Інжіл) яғни Иудаизмнің пайғамбарлары көшпенділер, Будда шакья (яғни Орта Азиядан барған көшпенді сақ тайпасының ұрпағы), Мұхамед пайғамбар (ғ.с.) нағыз бедуиндардың ортасынан шықты. Заманында өркениетке белгілі үлес қосқан көшпенділер уақыт өте келе заман талабына сай өзгере алмай, адамзат көшінен шеттеп қала берді;

2. Адамзаттың сара жолындағы өркениеттер мен қайта өрлеулерден (ренессанс) шет қалып, оларды өз дамуларында пайдаланбаған Америка үндістері (көне түркі тайпалары), Африканың көшпенді немесе жартылай көшпенді тайпалары негізінен алғашқы қауымдық қоғам деңгейінде қалды. Ол қоғамдар өзінің заманауи мәдениеті, әдебиеті, ғылым... мемлекетін құра алмай, басқаларға тәуелді не құл болып қалуда;

3. Дао мен Камастурада махаббат ұғымы жан мен тәннің (инь мен янь) қосылуынан тұрады. Бұл, тек Қытай мен Үнді халықтарына ғана тән емес, біз оның элеметтерін араб әдебиетінің классикалық үлгісі «Мың бір түннен» де көреміз. Ал, парсы-түркі әдебиеттерінің классиктері Хафиз, Навои, Исфахани т.б. жырларының арқауы – ол негізінен «жан махаббаты». Ұлы дала көшпенділерінде ол ұғым осы уақытқа дейін тек жанға байланысты болды. Қазақ, махаббатты негізінен «жақсы көру» (қашықтықтан) яғни «сүю» ұғымында түсінеді. Ал, төсек ләззаты- ол тек Абай («...Көз жұмулы көңіл мас, Тар төсекте тайталас, Ләззат алсақ болмай ма, Сізде ажар бізде ықылас»), Шәкәрім, Мағжандардан бастап әдебиетте кездеседі. Осындай ұғымның Ұлы далалықтардың өсіп-өнуіне кері әсер етуі ұлттық санадағы осы мәселені қайта қарап, ұлттық тәрбиеге тиісті өзгерістер енгізуді талап етеді. Бұл, «қазақ болашақта төрт құбыласы тең ел болады ма, әлде бордай тозады ма» деген сұраққа жауап беретін ұлт тағдырының мәселесі. Құдіретті махаббат ұғымын мыңдаған жылдар бойы Шығыс халықтарының өздері әртүрлі мағынада түсінуі, бұл, осы ориентальдық әлемнің (Гердер, Гегель, Генон т.б. Батыс мәдениеті өкілдерінің көзқарасымен қарағанда) әлі де адамзат үшін ашылмай жатқан қырларының көп екендігін көрсетеді.

 

ІІІ. Қазақ мемлекетінің мәселелері

Соңғы 30-40 жылдағы мемлекеттер дамуындағы негізгі бағыт, - ол адам ресурстары мен капиталына және оған сүйенген инновациялық экономиканы дамытуға негізделген демократиялық елдер жақсы қарқынмен тұрақты дамып, шикізатқа сүйенген елдер артта қалуда.

Әлем елдерінің 75% жуығы ұлттық мемлекеттер. Оған Қазақстан да кіреді. 1992 жылы БҰҰ мүшелікке қабылдағанда оған, «авторитарлық режимдегі ұлттық мемлекет», деген анықтама берген.

            Қазақ мемлекетінің құрылымдық ерекшеліктері

А). Мемлекеттік орден-медальдардың аттары «Қыран», «Айбын», «Барыс» т.б. негізінен аң-құс аттарымен аталады. Өркениетті елде керісінше, осы елден шыққан адамзаттың екі ұстазының бірі – Әль-Фараби, әлемдік тарихта екінші Бисмарк аталған –Тоныкөк, Жюль Верн рухын орыс патшаларынан жоғары қойған Кенесары, Ататүрк ұстазы санаған М.Дулатов пен алашордалықтар т.б. ұлы тұлғаларын дәріптелуі керек.

Бұл, заманауи мемлекет құрып, оның идеяларының айналасына қоғамды біріктіре алмай мемлекеттік институттардың да қалыптаспағанын көрсетеді;

Ә). Кезінде, Шығыс түрк қағанатының қағандары қытайдың шүберегіне (жібек) мемлекетін сатып, өз еріктерімен бодандықты қабылдады. Қытай императорын жерлеп жатқанда, оған соншама берілген бұрынғы қаған (иттер де иесінің артынан өлмейтін еді) өзіне-өзі қанжар салып сол қабірге құлайды. Бодандықтағы түркілер жүз жылда тілі мен дәстүрінен айырылып, қытайланып болғаннан кейін, сол елде әр жерде қызметте жүрген қағанның ұрпақтарын бір жерге жинайды да, барлығын қылышпен туралап, мәйіттерін Хуанхэ өзеніне ағызып жібереді. Бүгінгі «қазақтың жерін сатушылары», тарихтың қайталанатынын яғни өздерін және ұрпақтарын сондай тағдыр күтіп тұрғанын білулері керек;  

Б). Шығыс түрік қағанатының Қытай бодандығын қабылдауы Күлтегін мен Тоныкөк кезінде пайда болған мәңгі ел болу идеясынан айырып, «ат тұяғы жеткен жерді бағындырып, бас барды идіріп, тізесі барды бүктірген...» Ұлы түрк қағанатын ыдыратып, түрк елін тоздырды. Ал, мәселені керісінше қойсақ: «Қытай, Түрк қағанатына немесе Хұбылай ханға салық төлеп, бағынышты болғанымен, неге бодан болмады?». Ол мемлекет Хуанди құрғаннан кейін (б.д.д. 2700 жыл) өз институттарын үзбей дамытуда. Оған әр ұрпақ, әр император, әр әулет Ұлы Қытай қорғанының жарына өз кірпіштерін қалап, мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуда. Мысалы, Қытай тарихында б.д.д. І ғ. қолмен жазылған хаттағы иероглифтерді бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп оқытады. Қытай үкіметі елдің аймақтарына мамандар жіберіп әр жылда 250 мыңдай жаңа сөз, диалектілер жинайды. Біз, бұл мысалдан ұлттың тілінің сақталуы мен дамуына мемлекеттің ерекше көңіл бөлетінін көреміз. Ол екі мың жылдан бергі мемлекет ішкі тұрақтылығының негізі.

Тіл ұлттың, жер мемлекеттің негізі. Тіл ұлттың қатынас құралы болумен қатар, оның алфавитіндегі коды сол ұлттың санасы мен дүниетанымын анықтайды.

Ал, қазақ өткен ғасырда алфавитін үш рет өзгертуге мәжбүр болса, тәуелсіздіктің басында қазақ тіліне орыс тілін қосарлап мемлекеттік тілдің дамуына толық мүмкіндік бермей, енді «үш тілділік» енгізілді. Бұл, болашақта ұлттық сананың қалыптасуына кедергі болып жүрмесін?!  

Мәңгі Елдердің негізгі ұстанымы: «Бір тіл, Бір дін, Бір мораль, Бір мемлекет». Бұл аксиома!  13 ғасырдан кейін қайта жаңғырған «Мәңгі Ел» идеясы баянды болу үшін Қазақстан басқа түрік мемлекеттерімен бірге төмендегі шараларды іске асыру қажет:

- «Мәңгі Ел» идеясын іске асыру жолдарының (гео)саяси, экономикалық, этникалық, тарихи т.б. аспектілерін осы уақытқа дейін 2015 жылы Халықаралақ Адам институты (ХАИ) мен «Алаш» ғылыми-зерттеу Орталығының ұйымдастыруымен ЮНЕСКО-да (Париж) өткен халықаралық ғылыми конференцияның т.б. материалдарды пайдаланып және оларды жан-жақты дамытып зерттеу арқылы заманауи тұжырымдама дайындау;

- ХАИ (2013 ж.) ұсынған түрік халықтарына ортақ тілдік, ақпараттық және экономикалық кеңістік қалыптастыруды іске асыру (қосымша). Бұл ұсыныстың біраз баптары Ақорданың қолдауымен іске асуда;

- Еуроодақ үлгісіндегі түрік мемлекеттері мен халықтарының одағын құру;

В. Қазақстан этникалық және ұлттық мемлекет жағдайында ғана тәуелсіздігін сақтайды. Мысалы, түркінің тайпалары кидариттер мен ақ ғұндар билеген ұлы Құшан патшалығына (б.д.д. 134ж.-б.д. 395ж) Үндістанның 70% территориясы, Пәкістан, Ауғаныстан, Қытайдың Турфанға дейінгі жері, Орта Азия кірді. Осы патшалықтың ыдырауының негізгі себебі оны басқарған 16 діни конфессиялардың жан-жаққа тартуынан болды. Ал, Ноғай Ордасы (б.д. ХV-XVIғғ.) 20-дан астам тайпа мен рулардан (қыпшақ, найман, алаш, қаңлы, алшын,қоңырат, қатаған, ұйғыр, ткай, маңғыт т.б.) тұрған, мүдделері әртүрлі федеративтік қоғам болды. Елді біріктіріп, ұлт қалыптастырудың орнына ноғай кінәздері, «мынадай қаптаған малы бар, бай елге кім тиеді» деп, тұрақты әскер де құрмай, ұлт пен мемлекет құру емес, малдың артында кетті. Елді қорғайтын кезде олардың бастары бірікпей, әр тайпа өз қамын ойлап жан-жаққа тартты да, ол ел «өлдің Мамай қор болдыңның» кебін киді.

Сол ноғайлармен қатар құрылған Қазақ хандығы 46 ру-тайпадан тұрғанымен бір халық болып «Қазақ» («Алаш») идеясының айналасына топтасқандықтан 200 жылдық жоңғарлармен соғыста, үш ғасырға жуық отарлану кезінде бір ұлт болып бірігуінің арқасында тілін, жерін сақтап қалып, өз мемлекетін құруда. Қазақстанның болашағы – ол қоғамды біріктіретін Қазақ халқының елдегі барлық ұлт өкілдерін өзінің айналасына топтастырып мемлекетқұрушы Ұлттың (нация) миссиясын өз қолына алуымен тікелей байланысты. Бұл Қазақстанның сара жолын айқындайтын іс.

З. Бзежинский өзінің «Ұлы шахмат ойыны» (1996ж.) кітабында Қазақстан, ТМД елдері ішінде, оның іінде Орта Азияда саяси тұрақтылығы төмен ел деген баға береді. Оның негізгі себептері Қазақстан халқының полиэтникалық (жүзден астам диаспоралардан тұрады) құрамы мен геосаяси жағдайында еді. Ол кезде елдегі қазақтың үлесі 40% шамасында болса, қазір орташа 70%, 2030 жылдары тәуелсіз эксперттердің деректері бойынша 90% құрайды. Соңғы 20 жылда елдегі халықтың этникалық құрамы түпкілікті өзгерді. БҰҰ стандарттарына сай Қазақстан, мемлекетқұрушы қазақ халқының негізінде құрылған және этникалық құрамы бойынша толыққанды ұлттық мемлекет болды. Ол мемлекет құрылымының негізі болып табылады.

Ал, «Қазақстан көп ұлтты мемлекет», «көп конфессиялы ел» деген таяз, әрі солақай саясат, ол «ала қойды бөле қырқып», елді біріктірмей, оны көкпардағы ешкінің терісіндей жан-жаққа тартатын тірлік. Елді Конституцияға емес, коррупцияға билетіп қойған қоғамда болашақ болмайды. Оның баратын жері - ел мен жерді сату, Құшан мен Ноғай Ордасы сияқты мемлекетті құрту болып табылады;

Г. Бүгінгі Қазақстанның геосаяси жағдайында және тоталитарлық режимнен кетіп, толыққанды тәуелсіздікке қол жеткізе алмай жатқан транзиттік қоғамның кезінде елдегі тұрақтылықты негізгі күштердің өкілдерінен тұрған коалициялық Үкімет және тікелей халық сайлаған Парламент басқару арқылы қамтамасыз етіледі. Жеке бастан гөрі ел мүддесі мен болашағын ойлайтын билік бұл қадамның тиімділігін түсініп, қоғамдық келісім арқылы соған сай шешім қабылдауы керек. Ол «араб көктемі» т.б. төңкерістерсіз, елді эволюциялық жолмен және тұрақты дамытып, жауапты кезде мәселені ел мүддесіне шешетін қадам болмақ;       

Д. Ұлт пен ұлттық мемлекет құрудағы кедергілер:

- ана тілі, дәстүрі мен өнерін заманға сай дамытуға немесе басқалардың озық жетістіктерін өзінікіне айналдыруға шорқақ, басқаларға еліктегіш ел, -ол «жаһанданудың құрбаны болуға дайын» қоғам;

 - өз тағдырын өз қолына алып шешуге қауқарсыз, өзіне сенімсіз халыққа шындық пен ақиқаттың қажеті жоқ. Ол азаттықтан гөрі бодан, биліктің құлы болуға жақын тұрады;

- ырымшыл және сауықшыл (тойшыл) ел бай болмайды;

-ұрпағын, ана тілі мен ұлт дәстүрінде тәрбиелей алмаған елдің болашағы жоқ;

9. Ұлттың рухы, намысы, ары, моралі, философиясы, әдебиеті, өнері мен мәдениетін жасайтын және дамытатын яғни ұлтты қалыптастыратын, оның жаны – ұлттың зиялылары. Ұлт зиялыларынсыз толыққанды Ұлт қалыптаспайды, ұлттық мемлекет дамымайды. Елдегі билік пен ұлт зиялыларының мүддесі бір болуы, - ол ұлттық мемлекеттің дамуының кепілі.

Қазақ өзгеріп, жаңа Ұлттық сапаға көшу үшін бір ұлы роман, ұлттық музыкалық туынды, не ұлы сурет (картина) қажет. Сонда, Қазақстанды аралап шыққан ағылшын саяхатшысының, «қазақтар жоғалып бара жатқан халық» деген ұстанымы іске аспайтын болады. Қоғамдағы қайта өрлеу содан басталады.

 

IV.              Ұрпақты қорғау–ол мемлекет болашағы үшін күрес.

ХV ғасырда Генуяның саудагерлері Қыпшақ даласынан балаларды сатып алып Қара теңіздегі Феодосия т.б. порттар арқылы Жерорта теңізі аймағындағы Еуропа мен Африка елдеріне сатуды тоқтатпағасын, ел болашағын ойлаған Алтын Орданың ханы Жәнібек оларға әр түрлі амалдарды қолданғанмен, ол нәтиже бермеді. Содан кейін ол, Феодосияның базарына обадан өлген адамның бейітін апарып тастатады. Ақшаға құныққан саудагерлер оған да қарамай жұмыстарын істей бергенімен, оба ауыруы алдымен қалаға, одан кейін қашқан саудагерлермен ауыруды Еуропаның портты қалалары арқылы түгел құрлыққа таратады. Кезінде Еуропа халқының 40% жалмаған бубон обасы кәрі құрлыққа осылай тарайды. Жәнібек хан Генуяның саудагерлерін қыпшақ даласынан балаларды сатып алып, құлдыққа сатуын осы амалмен тоқтата алды және ол қазіргі дәуірдегі тарихта алғашқы қолданған бактериологиялық қару болды.

XVII-XIX ғасырларды Англия әлемнің түкпір-түкпірінде отарлау саясатын жүргізген кезде кәмелетке толған жігітердің барлығын 20-25 жылға әскерге алады. Олар 40-45 жаста әскерден босап келгесін 18-20 жастағы қыздарға үйленеді. Өмірдің ащы-тұщысын көрген әкенің рөлі ұрпақ тәрбиесін жаңа сатыға көтеріп, ұлттың санасын өзгертті. Сол кездерде ағылшын ұлты әлемге Бэкон, Ньютон, Шекспир, Шелли, Китс, Байрон, Дарвин т.б. ғылым мен техника, әдебиет пен өнерде революция жасап, адамзаттың дүниетанымын өзгерткен данышпандарды силады. Бұл ағылшындардың ұлт ретінде дамуының қайталанбас жарқын кездері болды.

            Сол кезден бастап Батыста кәмелетке толған жастарды өз күндерін өзі көру үшін отбасынан шығарып жіберу дәстүрі қалыптасты. Ол жастар 28-35 жасқа дейін оқып, жұмысын істеп, жеке басының тұрмысын түзейді яғни өз күшімен аяқтанады. Содан кейін, өзіне сенімді, ұрпағын тәрбиелеуге дайын болған кезде семья құруға кіріседі. Өмірдің ащы-тұщысын көрген ондай отбасында ажырасу сирек болады. Бұл, өмірлік тәжірибеден өркениетті қоғамда қалыптасқан дәстүр.

            Ал, қазақтың отбасындағы тәрбие бойынша бала негізінен ата-ана өле-өлгенше соның мойнында. Кәмелетке толса оған алдымен автокөлік пен үй сатып әперу керек... Осындай «боданнан туған құлдан, немесе одан туған жетесіз ұлдан» семьяға, қоғамға, елге зиянынан басқа қандай пайда болуы мүмкін?! Ол, Абай айтқан: «Жалқаулар, жатып ішер арам тамақ,

Ондайлар болмайды ма елге салмақ...» дегені емес пе?

            Тәрбиесі түзелмеген қоғамның өзі «қарағайға қарсы біткен бұтақ ...» сияқты болады. Өз еңбегімен күнін көруге жарамай өскен ұрпақ ұры-қары, жезөкшелік, сыбайлас жемқорлық т.б. бейім болады. Шынын айту керек, қазақ қазір ұл-қыздарын тәрбиелей алмайтын жағдайға келді. Себебі, ұлттық ұстанымы жоқ, мінезсіз халық – ол тобыр. Қойдан жуас мінезін мақтан тұтып, таланты мен тасын айыра алмайтын қоғамда Ерден гөрі көлеңкеден қорқатын еркекті таңдап, арудың орнына арсыздарды дәріптейтін қоғамда болашақ болмайды. Ол құл болуға жаралған елдің тірлігі. Осындай өтпелі кезеңде нақты ұлттық ұстанымы жоқ осындай қоғамның билігі де мәдениетсіз, ұры-қары мен тексіз қаңғыбастар болады. Олар елде реформа жасап, мемлекеттік институттарды дамытудың орнына елді, жерді сатуға бейім келеді. Себебі, оның қолынан басқа ештеңе келмейді. Ондай масылдар мен мәңгүрттерді өсірген елдің болашағы да бұлыңғыр.

            Мыңдаған жылдар бойы аралда басқалармен араласпай тұрған жапон халқында инбридингтің (туыстық жыныстық қатынас) кесірінен кемтар сәбилер дүниеге көп келіп, ол ұлттық нәубатқа айналды. Бұл мәселені шешу үшін император XVII ғ. арнайы қаулы шығарып, онда барлық қыз-келіншектерге арқаларына көрпеше байлап жүру жүктеліп, шеттен келген саудагерлер мен матростар жыныстық қатынасқа шақырса қарсыласқандарға өлім жазасын кесуді бұйырды. Сол бұйрық 70 жыл бойы ұлттың денсаулығы түзелгенше күшінде болды. Бұл, Ұлт пен ұрпақ мәселесін түпкілікті ойлаған және ол үшін барлық қадамға баруға дайын елдің мемлекеттік ұстанымы.

Осыдан бірнеше жыл бұрын беделді халықаралық жорналда, «Жапон халқының басқалардан ерекшелігі неде?» деген тақырыпта ғылыми мақала жарияланды. Оны біреулер теңіз өнімдерін көп пайдаланатында т.б. айтады. Ал, жаңағы мақалада басқа халықтармен әртүрлі белгілерді салыстыра келіп, жапон халқының ұлылығының ерекшелігі, олардың әйелдерінің жыныс органдарының айналасындағы «суретінің ерекшелігінде» деген қорытындыға келеді. Бұл интеллектуальды ұлттың ерекшелігі миында емес, кіндіктен төмен болуы көпшілікті таң қалдырғанмен, ғылыми дәлел сондай?! Бұл мақаланы оқығаннан кейін жапон халқы да болашақ ұрпағының өсуіне алаңдап отырғанын көреміз.

Израиль мемлекеті әлемдегі барлық еврейлерге қамқоршы (қылмыскерлерге де) болса, Катарда, сол елдегі ұлттың өкілдерінен бала дүниеге келсе қосымша қаржылай көмек берілетіні заңмен бекітілген.

Ресейдің өзінде дүниеге келген балаға беретін мемлекеттің көмегі Қазақстаннан 8-10 есе артық. Демографиядағы осындай оң саясаттың негізінде Ресей халқының санының өсу мәселесін шешті. Ал, қазақтың бір мәселесінің де аяғына дейін шешілмеуі «мәңгілік созылмалы ауыруға айналды».

XIХ ғ. басында Гете, «50 жас, ол жастықтың соңы, есеюдің алды» деп, сол жаста саналы өмірдің басталатынын айтса, сол ғасырдың аяғында 42 жастағы Абай, «қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп, сол жаста өмірдің аяқталуға жақындағанын айтады. Бұл екі ел, екі мәдениет өкілдерінің өмірге деген әртүрлі көзқарасы мен дүниетанымын көрсетеді. Қазіргі неміс халқының орташа өмір ұзақтығы 81-83 жаста болса, қазақтікі 65-67 жаста (Абайдың кезінде 30 жасқа жетпейтін еді). Осындайда, «бұл қазақ басқалардай адамша өмір сүрудің өзін қажет қылмайды-ау» деген ой келеді. Өзінің және ұрпағының яғни болашағының тағдырына немқұрайлы қарайтын халықта болашақ бола ма?! Ол тілін, жерін, мемлекетін қалай қорғап, қандай ұлт болады?!

Жапонияның екі коралл аралдарында тұратын әйелдердің 80 жасқа дейін бала тууының себебін зерттеген ғалымдар, олар таза су ішкендіктен (коралл балдырлары таза суда өседі) организмдерінің таза екенін дәлелдеді. Біздің медицина әйелдерге 35 жастан кейін туған балаларда әртүрлі ауырулардың көп болатынын ескертеді. Қазақстан халқының 40%-ға жуығы ғана ас сумен қамтамасыз етілген. ҚР денсаулық министрлігінің дерегі бойынша Қызылорда облысы, Қазалы ауданы тұрғындарының 32% ауыру болса, Арал аймағы ана мен бала өлімінен әлемде алдыңғы орындарда. Оның негізгі себебі, ас судың ластығынан немесе тұздылығынан.

Қазақстандағы ерлер 20-25 жастан бастап простата (аденома) ауыруларымен, 40 жаста 35-45%, 55-60 жаста алпыс пайыздан астамы  ауырады. Ерлердің орташа 70% осы ауырудан өледі. Қыздар мен әйелдер арасында да жыныс ауырулары сондай деңгейде.

Батыс өңірдегі мұнайлы бес облыстың ауыл тұрғындары туберкулезбен ауырудан әлемде алғашқы жиырмалыққа кіреді. Кедей елдерге тән бұл ауырудан Батыс елдері ХХ ғасырдың ортасында арылғандықтан, ол елдерде оны емдейтін маман да қалған жоқ.

Ел тұрғындарының 40%-дан астамында йод жетіспейді, ауыратындардың төрттен біріне қойылатын диагноз дұрыс болмағандықтан, ем де дұрыс емес... Осының бәрі өмірлік маңызды репродуктивтік және басқа органдардың мерзімінен бұрын істен шығып, адамды ауру не мүгедек қылады. Оның негізгі себебі, баланы жас кезде гигиена мен жыныстық қатынасқа тәрбиелемеу, мемлекет тарапынан медицинаға тиісті көңіл бөлінбеуі және соның әсерінен болатын әртүрлі ауруларға алып келетін берекетсіз жыныстық қатынастардан болады.

Адам гигиенасы мен жыныстық қатынасқа жастарды уақытында тәрбиелеудің орнына, тиым салу – ол мәдениетсіздіктің, немесе көп жағдайда тайпалық деңгейдегі жабайылықтың белгісі. Самоли т.б. елдердегі араб тайпаларында үш жасар қыздың жыныс органын тігіп тастайтын «дәстүрге» өткен ғасырдың 90-шы жылдары БҰҰ-ның араласуымен тиым салынды.

Болашақ ұрпақты өсіріп, тәрбиелейтін қыздардың белгілі бөлігі, оның ішінде кейбір студенттердің жезөкшелікті кәсіп қылып, сонымен күн көріп жүргендері де жасырын емес. Ондай арсыз қоғамда мораль мен толыққанды семьяның орнын СПИД, гонорея т.б. ауырулар ауыстыруда?!

Сондықтан біз, қазақтардың арасында өмірдің емес, өлімнің статистикасын жүргізуге мәжбүрміз. Бұндай статистикамен халық бесіктің орнына табыт жасайтыны белгілі.

Жыныстық қатынасты «құдайлардың деңгейіне» шығарған Үндістанға қарап отырып қазақ халқындағы махаббат ұғымына да тоқталған жөн. Махаббат ұғымына қазіргі медицина мен психология ғылымдары «шезофринеяның бір түрі» деген анықтама беріп жүр. Ал, біз махаббаттың үлгісі деп жүрген Қыз Жібектің өз еркімен суға кетіп өлуі суицидтің бір түрі емес пе?! Біріншіден, ондай келеңсіз әрекетті ешбір дін құптамайды, екіншіден қазақ жастары, оның ішінде 13-18 жас арасындағы қыздардың суицидынан әлемде алғашқы үштікке кіреді. Бұның артында, бір жағынан «қызға қырық жерден тиым» салу, екінші жағынан болашақ өмірге тәрбиенің кемдігі тұрған жоқ па?!

Семей, Капустин Яр мен Азғыр полигондарында 40 жыл бойы болған 500-дан астам атом бомбасының зардабынан болған, сол өңірлердегі суицидтің саны орташа республикалық деңгейден 12-16 есе көп екені белгілі. Ал, жоғарыдағы жасөспірімдер арасындағы суицид, – ол себептері әлі толық анықталмаған (ол бұрыннан келе жатқан болуы мүмкін), жан-жақты зерттеуді талап ететін ұлттық дерт.

Себебі, осыдан 16 ғасыр бұрынғы Қозы мен Баян, Төлеген мен Қыз Жібек (ХVIғ.), Ұлбике, Еңлік, Мәулен (Дальдың «Шығыстың сұлуындағы»), Шұға, Қамар, Ұлжан ... яғни өмірден алынған барлық махаббат дастандары арулардың өлімдерімен аяқталады. Бұл не, заңдылық па?! ҚР Гендерлік саясат бөлімінің соңғы дерегі бойынша 2014-2015 жылдары біразы өлімге әкелген, отбасында қыз-келіншектерді зорлау 40%-ға өскен. Бұл, болашағы жоқ, азғын қоғамның айуандық тірлігі, бағы мен сорын айыра алмаған қоғамның қасіреті емес пе?! 

Сонымен қатар, халқымызда «жеті атаға дейін қыз алып, қыз беріспеу» деген салт бар. Біріншіден, қазақтың 70%-ға жуығы жеті атасын білмесе, екіншіден, осы шарттарға кері яғни немере қарындастарынан бастап үйлене беретін еврей халқының бизнес пен ғылым...мемлекетін дамыту мен ұлтына қамқорлық т.б. мәселелердегі бәсекелестігі қазақтан 20-30 есе жоғары тұрса, немесе өзбектердің өсуі қазақтан 3-4 есе жоғары тұрса, ұлттың өсімін тежейтін ондай архаикалық шектеудің  қазақты бодан қылуды армандайтын елдерден басқа ешкімге керегі жоқ?!

Демография саясатындағы келесі мәселе – ол қазіргі Үкіметтен оралмандарға берілетін квотаның аздығы мен олардың елге оралуының жүйелі іске аспауы. Оралмандарға берілетін жылдық квота он бес - жиырма мыңнан аспайды. Бұл салада Үкімет ХІХ ғ. Ресей мен Украинадан Қазақстанға өгіз арбамен миллионнан астам қарашекпенділерді әкелген губернатор Колпаковскийдің істегенін атқара алмай отыр. Осы уақытқа дейін келген оралмандардың саны елге мұнай-газ компанияларының шақыруымен Қытай, Филипин, Индонезия, араб елдері және т.б. жерлерден келіп жатқандардан әлдеқайда аз екен. Шеттен келетіндердің орташа айлық табысы біздің мамандардан 6-10 есе артық. Сонда біздің Үкімет кімнің мүддесін қорғап, кемге қызмет істеуде? Бұл, елді аздырып, жерді тоздыратын тірлік емес пе?

Асан қайғы бабамыздың, “...ат міндім деп шалқайма, қарайлағын артыңа, жаяулаған жалпыға” деген өсиетін білетін текті ұрпақ өз бауырын осындай келеңсіз жағдайда қалдырмауы керек еді.

Президенттің «Интеллектуальдық Ұлт-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Ұлттың алдындағы бірінші міндет, оның санын өсіру болып тұрған жағдайда мемлекеттің стратегиясы осы мәселелерді шешуге жұмылдырылып, демографиялық саясатта төмендегідей кезек күттірмес шараларды іске асыру керек (6):

- дүниеге келген әр балаға қазынадан  5,0-7,0 мың АҚШ долл. көлемінде бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы беру;

-  бала кәмелет жасқа толғанша орташа айлық табыстың деңгейінде ай сайынғы жәрдемақы беру;

- үш және одан да көп бала тәрбиелеген анаға балалары кәмелетке толғанға дейін орташа бір айлық, бес балаға 1,5 айлық, жеті балаға екі айлық табыстың көлемінде көмек төлеу;

- төрт және одан да көп бала тәрбиелеген аналарды мемлекеттік орден, медальдармен марапаттау және олардың дәрежесіне байланысты аналарға көрсететін дәрігерлік көмекте, пәтер алуда жеңілдіктер жасауды заңдастыру; - “Батыр Ананың” дәрежесін “Қазақстан Еңбек Ерімен” теңестіру;

- көп балалы отбасыларға әлеуметтік және салық жеңілдіктерін жасау;

- көп балалы отбасынан шыққан балаларға жоғарғы оқу орындарына түсу, жұмысқа орналасу, жас мамандарға пәтер алуда жеңілдіктер жасау;

- ұлттың гендік қорына зиян тигізіп отырған аборт жасауға заңмен тиым салу;

- әйелдер мен қыздардың ауыр және денсаулыққа зиянды жұмыстардан босатып, олардың жеңіл жұмыспен қамтамасыз ету;

- қазақта «қыз он үште отау иесі» дейді және біз солтүстік емес, шығыс халқы болғандықтан қыздардың 16 жастан отбасын құруын заңдастыру;

- Қазақ қоғамында жетім-жесір болмаған. «Жеті жарғы» сияқты дала заңдарындағы әмеңгерлік т.б. заманға сай прогрессивті жақтарын заңдастыру;

- Үкімет тарапынан тастанды бала болмаудың алдын-ала шараларын қабылдап, ана мен сәбиді мемлекет қамқорлығына алу;

- Елде ондаған жылдар бойы 330-350 мың отыздан асқан қыз-келіншектер тұрмыс құрмай қалуда. Қазақстан Ислам өркениетіне жататын ел болғандықтан, осы діндегі ер мен әйелдің семьядағы арақатынасы, ананы құрметтеу, ұрпақ тәрбиесі, көп әйел алу т.б. өміршең ұстанымдарына қоғамда оң көзқарас қалыптастырып, тәрбие құралына айналдыру қажет. Дамыған зайырлы елдердің барлығындағы ар (нравственность) мен мораль дінге негізделсе, бізде саяси этикет («Саяси этикеттің қауіптілігі, онда сатушы да сатып алушы да алданады» К. Маркс) не атеизмге шырмалған. Зайырлылық ол қоғамның формасы, ал мазмұны-ол дінге негізделеді. Мысалы, қазіргі әлемдік нарықтағы қосымша пайда табудың өзі де протестанттық ұстанымға негізделген. Исламда қосымша пайда табу деген жоқ. Қазақ мемлекетінің негізі де Малайзия, Индонезия елдері сияқты Исламның ұстанымдарына негізделгенде ол өркениетке қадам басады. Әзірге «тар жолда, тайғақ кешуде»;

- Ұлттық қордың белгілі бөлігі, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, демографиялық саясатты іске асыратын “Демографиялық қорға” бөлуді заңдастыру.

Мемлекет тарапынан осындай шараларды жүйелі түрде жасау халықтың тұрақты өсімін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында болғанымен, халқының саны жөнінен алғашқы жүз елдің соңында. Елдің геосаяси жағдайы мен ондағы тұрғындардың көп ұлттылығын ескерсек, оның қорғаныс қабілетін күшейтіп, тұрақты дамуы үшін, халық саны жақын уақытта кем дегенде 20-23 миллионға, 2050-ші жылдары 35-40, ғасырдың аяғында 65-70 млн-ға жету керек. Бұл міндетті орындау мемлекеттің басымды бағдарламасы болып табылады.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдары Францияның президенті, генерал Де Голь, «Франция халқының саны 50 миллионға жетсе арманым болмас еді» деген. Бұл Еуроодақ құрылмай тұрғандағы Еуропадағы мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін демографиялық ахуалы. Ал, ХХІ ғасырда Азия елдері халқының саны 80-90 миллионнан кем болса, олардың тәуелсіздігін сақтап қалуы екіталай.

 

V.                Ұрпақ тәрбиесі

«Бала тәрбиесі, сәби дүниеге келерден жүз жыл бұрын басталады» дейді ағылшын мақалы. Тәрбиенің негізі сол ұлттың тілі, тарихы, дәстүрі, моралі... мәдениетінде. Он ұрпақтан кейінгілердің не көретінін болжай аласыз ба деген сұраққа шығыс даналығы: “Ұрпақтан – ұрпаққа, әкеден – балаға не қалып жатқанын дәл білсек, оныншы емес, жүзінші ұрпаққа да не қалатынын болжап білу қиын емес” деген. Жалпы, тәрбие жоғарыдағы екі ұстанымға негізделген.

            Тәрбие мен білімнің мақсаты жас ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбиенің ұлттық болмысы мен мағынасында және қазіргі ұрпақ артында қандай ізгілікті іс қалдыратынында. Ұлттың болашағы соған байланысты. Ұлттық идеяның да негізгі мақсатының бірі өркениетті қоғамның негізін салуға жол көрсетіп, оны іске асыру мақсатында жұмыстану болып табылады. Үйдің мықтылығы іргесін берік қалаудан басталатыны сияқты, қоғамның болашағы да негізгі ұстанымына байланысты.

            Қазақта, «баланы 15 жасқа дейін құлдай қылып ұста, одан кейін досыңдай бол...» деген мағынадағы ұстаным бар. Баланың интеллектісі 15 жаста толығымен қалыптасып болады яғни ол бала өмір бойы құл болады деген сөз. Ол құл әулетіңді, ұлтыңды қай мұратқа жеткізеді?

Сонымен қатар, дінді ұстанатындардың көпшілігі «Құдайдың құлы болуды» өздеріне дәреже санайды. Кімге құл болып қалса да, оның аты АДАМ емес, - құл. Халқымыз, «Құм жиналып тас болмас, құл жиналып ел болмас» десе, Құран Кәрімде, «намазды мың рет оқыған мұсылманнан ұйықтап жатқан ғалым артық» деп, басыбайлы құл болғандарды Құдайдың өзі жақсы көрмейтінін білдіреді. Ондайлардың көпшілігіне қазақ тілі, Ел мен жер мәселелері жат болғандықтан, олардың өздері де бұл елге бөтен.  Олардан елге, ұлтқа да, ұрпаққа да пайда шамалы.

            Ал, Муаз ибн Джабал радиаллаһу әнһ (Әбу нуайм әл-Асбаханидің «Хулйәт әл-әлия» кітабында) Ислам діні мен білім туралы былай толғанады: «Білім алыңдар, білімге үйреніңдер! Шындығында білім алу- бұл Алланың алдындағы қорқыныш. Білім талап қылу – бұл ғибадат-құлшылық. Білімді қайталау-тасбих. Білім іздену-жиһад. Білімі таяздарды білімге үйрету-бұл садақа. Білімге лайықтыларға білім беру-бұл Аллаға жақындатар сауапты іс. Себебі, білім харам мен халалды ажыратып беруші. Себебі, білім-Жәннатқа барар жолдың шамшырағы. Білім жалғыздықта жан досың. Білім жат жерде жолдасың, сапарласың. Білім бақыт пен бақытсыздықтың не екенін көрсетуші. Білім жауға қарсы қару. Аллаһ Тағала білім арқылы кей халықтарды үстем етіп, жақсылықта жетекші, басшы етіп қояды... Періштелер білім иелерімен дос болғысы келіп, оларға қанаттарын тигізеді. Ылғалы да, құрғағы да олар үшін Алладан кешірім сұрайды. Тіпті теңіздегі балық та, құрлықтағы барлық жануарлар олар үшін истиғфар айтады. Өйткені, білім –жүректі надандықтан құтқарып, өмір беретін нәр. Білім, көз алдыңа сәуле түсіріп, қараңғылықты жояды. Білім арқылы кісі адамдардың ішіндегі ең жақсысына айналады. Осы дүние мен о дүниеде биік дәрежелерге жетеді. Білім туралы ойлану-оразамен тең. Білімді оқып зерттеу-түнгі таһаджуд намазымен тең. Білім арқылы Алланың рұқсат еткені мен тиым салғанын үйренеміз. Білім-амалдардың жетекші имамы. Ал амалдар білімге еруші ізбасарлар. Білім тек бақыттыларға нәсіп болады. Одан тек шын бақытсыздар ғана мақрұм қалады».

            Қазіргі жастардың ішінде намаз оқып, мешітке баратындар көбейді. Бірақ, солардың көпшілігі экстремистік ағымды ұстанатындар екені анықталуда. Олар ата-бабамыз ұстанған Ханифа ағзамның масхабын ұстанатындар емес, елді жүз жылдық соғысқа дайындап жатқандар. Соңғы кезде елдегі әртүрлі қарулы қақтығыстар мен лаңкестік әрекеттер де солардың істері. Қазақ, «әкемді алған құдайға да сенбеймін» дейді. Дін таңдаудағы биліктің солақай саясатының салдарынан елде 3725 әртүрлі секталар, оның ішінде «Сатанадан...» бастап барлық экстремистік секталар ресми тіркелді. Оны, Қазақстанды құрту үшін қойылған бомба деп қарау керек. Енді одан екі ғасырдан кейін де құтыла алмайсың! Қоғамдағы, оның ішінде жастар арасындағы күрделі мәселе - ол дін таңдау. Дін мәселесі заңмен реттелу керек және жастар дінге барар алдында ұлы ұстаз Ы. Алтынсаринның «Мұсылмандықтың тұтқасы» еңбегімен танысуды ұсынамыз.

Қазақта ең көп оқылатын – ол Абай. Бірақ, оның Қара сөздерін (бұдан әрмен ҚС) таңдап, бүгінгі уақытқа сай емес, «Қазақтың моральдық деңгейі орыстың мұжығынан да төмен...» (2-ші ҚС), «Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ...», «Тірі қазақтың сөзден аманы жоқ, өлген қазақтың жаманы жоқ...» (12-13 ҚС) сияқты қазақты табалаудың хрестоматиясына айналған жерлерін алып тастау керек. Осы Қара сөздердің орысша аудармасын оқыған адам қазақтан асқан жексұрын халық болмас деген ойға қалады. Осыларды оқығаннан кейін ұлтжанды адамда, «Қазаққа ес кіргенде, Абай ескіреді» деген ой қалыптасады.

Гете, Пушкин, Чаадаевтар да өз ұлттары туралы әртүрлі сындар айтты. Бірақ, бүгінде олардың сындарын анайы емес, мәдени жолмен түсіндіреді. Әрине халқымыз үшін Абайдың орны ерекше болар. Бірақ, бір ұлы адам, бір көсем, не бір эпосты... дәріптеп, соған жабысып қалған қоғам, - ол ұлттық сана мен мораль, ұлттық философиясы, өнері мен мәдениеті қалыптасып жетілген ұлт емес, ол ана тілін қорғап, арын сақтап, намысы үшін күресуге қауқарсыз тобыр мен халықтың арасындағы бодандардың қауымы. Бұл жердегі мәселе Абайда емес, соның ұлағатты ойларын қоғамға жеткізе алмай жатқан тиісті университетер мен ҒЗИ, министрліктерде.

Бүгінгі және болашақтағы тәрбиенің негізгі міндеті – ол Елін, Жерін, Ана тілін, Отанын, Ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу! Бұл ұран емес, қазақтың ұлттық ұстанымы.

Әр қазақ отбасынан шыққан ұл мен қызын, Махамбеттің:

...Тебінгіні терге шірітіп,

Терлігін майдай ерітіп,

Ат үстінде күн көріп,

Ашаршылық шөл көріп.

Найзасынан қан тамып,

Қанды көбік түкіріп.

Жолбарысша жорытып,

Бөрідейін жол жатып,

Жауырынына мұз қатып...

жүретін етіп тәрбиелегенде ғана Қазақстан мемлекетінің мұраты орындалады. Бұл, «Ұлы арман» жолындағы Мөде, Еділ (Аттила), Білге, Күлтегін... Шыңғысхан, Керей-Жәнібек, Қасым, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай, Кенесарылар салып, ұрпаққа мұрат етіп кеткен сара жол. Ондай тәрбие болмай, бұл жолдан ауытқыған кезде, Ахмет Байтұрсынұлының:

Ерлер кетіп, еркек қалды,

Көлеңкеден қорқақ қалды...

дегеніндей, бұл елдің иесі «боданнан туған құлдар, не құлдан туған жетесіз ұлдар» болады. Ондай жағдайда түзелмеген бесік табытқа айналып,тілің тәрк болып, жерің тонауда, елің ессіз қалады.

Соңғы он бес жылда 2,5 миллиондай қазақ жастары ана тілін білмей өсті. Ондаған мың қандасымыз жат дінді қабылдап кетті. Оның негізгі себебі, өтпелі кезеңде ұлт тұрақтылығын қамтамасыз ете алмай отырған қазақ санының өте аздығы болса, тағы бір себеп - туыстас түркі халықтарымен арадағы жан-жақты байланыстың жоқтығы және мемлекетте тұрақты ұстанымның болмауы.

О.Шпенглер, Ильин т.б. философтар, «барлық дана тұлғалар әдебиет, ғылым, өнердің қай саласында еңбек етсе де, олар белгілі ұлттың атынан шығады» дейді. Ал біздер, өздерін орыстілді әдебиет пен өнердің өкілдері санап жүрген қаны қазақтарды қай ұлтқа жатқызамыз?!

 

VI.              Білім беру мәселесі:

Ұлттық тәрбие мен білім қатар жүретін егіз ұғым. Ұстаз – ол ұлттың тәрбиешісі. Біздегі дәрігерлер мен ұстаздардың табыстары елдегі орташа табыстың 58%-ын құрайды. Кемаль Ататүрік ұстанған, «Ұстаздардың табысы депутаттардан жоғары болғаннан бастап», ел өркениетке қадам басады. Оған дейін жабайы болып қала бермек.

Соңғы білім реформасына қоғамның 80% жуығы қарсы болды не түсінбеді. Қоғамда оны мемлекеттік тіл мен ұлттық ғылымды жоюға бағытталған бағдарлама деп қабылдауда.

Бұл бағдарламаның педагогика ғылымы мен баланың физиологиясына сай келмейтін жерлері, -ол, тілі енді шыққан балаға үш тілді бірден үйрету. Фундаментсіз үй болмайтыны сияқты ана тілінде жетік сөйлеп, дүниетанымы қалыптаспаған адамда ұлт та, отан да болмайды. Сонда біз кімді, қандай мақсатпен оқытып жатырмыз?

Бағдарламадағы екінші қайшылық, - ол жоғарғы сыныптарда физика, математика, химия, биология... пәндерін ағылшын тілінде оқыту. Ол, осы уақытқа дейін қалыптасқан отандық ғылымның негізін құртады. Қазақстан іргелі (фундаментальный) ғылым дамыған елдердің қатарына жатады. Ондай ғылым біздің шенеуніктер еліктеп отырған Сингапур мен Малайзияда жоқ. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың механика-математика факультетінің білімін тек ғана АҚШ, Германия, Ресей сияқты санаулы елдердің университеттерінде береді.

Он жыл бойы Болонн процессіне кіргенді жоғарғы білімдегі ерекше құбылыс санап келеміз. Қазақстан, оған Азия мен Африканың 54 елімен бірге кіргендіктен, сол топтың ішінде болуда. Ресей мен Қытай бұл процесске кірмеді. Әрине, оның стандарттары біздегі білімді белгілі дәрежеге көтереді деп күтілді. Бірақ, бұл процесстің талаптары бойынша, оған кірген университеттерде ұлттық тәрбие, ұлттық философия және ұлттық дәстүрді... оқуға тиым салынады яғни ол да ұлтты жоюға бағытталған жаһанданудың бір әдісі.

Біздегі білім саласында шешілмеген мәселелер жетерлік. Негізгі мәселенің бірі, - ол Үкіметтің санаулы мектеп не университетерге жақсы көңіл бөліп (мысалы, 20 Назарбаев интеллектуальдық мектебі) басқа 8,1 мыңнан астам мектептерге жете көңіл бөлмеуінде. Үкіметтің негізгі міндеті «ала қойды бөле қырқу...» емес, барлық мектептер мен университеттердегі білім сапасын көтеру болып табылады.

Осы саладағы басталып, аяқсыз қалған немесе МакКензи компаниясы сияқтылар жасаған реформаларға сараптама жасағанда, солар қалыптасқан білім саласын жоюға жұмыстанып жатқан жоқ па деген қорытындыға келесің?!

Білім мен ғылым, бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелер – адам капиталын дамыту, инновациялық экономикаға көшу және интеллектуальдық Ұлт қалыптастырудағы негізгі рөл атқарады. Адам капиталы (АК) сапалы білім, жоғарғы тұрмыс деңгейі, зерделік  және ғылым арқылы инновациялық экономиканы қалыптастыратын негізгі фактор болып табылады (7).

П.Друкер т.б. дәлелдеуі бойынша қазіргі заманда дәстүрлі ресурстар, өндіріс факторлары (капитал, еңбек, жер) екінші қатарға кетіп, білім алдыңғы қатарға шықты (7-8). Адам факторы заманауи қоғам мен компанияның бәсекелестігін айқындайды. БҰҰ 1990 жылдан бері қоғамдық прогресті немесе «өмірдің сапасы» не «өмірдің деңгейін»  Адам дамуы индексі (АДИ) арқылы көрсетеді. Бұл индекс негізгі үш бағыт бойынша елдегі денсаулықтың жағдайы, білім алу деңгейі және азаматтардың табысын көрсетеді:

1. Адам дүниеге келгеннен бастап есептелетін денсаулық және өмір ұзақтығы көрсеткіші;

2. Үлкендердің сауаттылық деңгейі мен жалпы біліммен қамтылғандардың коэффициентімен өлшенетін білімге қолжетімділік көрсеткіші;

3. Әр тұрғынға шаққандағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемімен АҚШ долларымен тұрғындардың сатып алу мүмкіндігінің паритеті бойынша өлшенетін қанағаттанарлық өмір деңгейі

Елдің даму деңгейін анықтатйтын бұл индекс бойынша 2012 жылы Қазақстан әлемде 69 орынды иемденді (РФ-55, Беларуссия-50, Эстония-30) ([9], c.143):

Бұл АДИ көрсеткішінің үшеуінің ішінде Қазақстанда ең жоғарысы білім деңгейі, одан кейін өмір ұзақтығының индексі де, төмені – ол әр тұрғынның табыс индексі.

Әлемнің дамыған 30 елдерінің қатарына қосылуды жоспарлаған «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру үшін адам даму индексінің (АДИ) барлық саласын бір мезгілде дамыту қажет. АҚШ-та адам капиталына бөлінетін қаржы ЖІӨ-нің 26%, Қазақстанда  9%-ын құрайды. Жапония, Оңт  Корея т.б. дамуында жақсы  жетістіктер көрсеткен елдер негізгі күшті адам капиталына инвестиция салу арқылы «ақылды экономиканың» үлгісін жасады. Ал, бүгінгі Қазақстан кәсіпкерлері технологиялық (интеллектуальдық) рента емес, шикізат және әкімшілік рентаға бейімделген.

Әлемдік банктің дерегі бойынша АҚШ-тағы ұлтттық байлықтың ішінде өндірістік қордың үлесі 21%, табиғи ресурстар – 8,6% және адам капиталы – 72,1% [10]. Батыс Еуропада бұл көрсеткіштер-23, 2% и 74%; Ресейде– 23,37% и 40% [11]. Қазақстандағы адам капиталының орташа көрсеткіші-18% болғандықтан, оны 3,5-3,6 есе өсіру көзделген.

Әлемдік банктің 192 елдегі зерттеулері көрсеткендей транзитті  (өтпелі) экономика елдеріндегі экономикалық дамудың 16% ғана физикалық капиталдан (құрал-сайман, ғимараттар және өндіріс инфрақұрылымдары), 20%-табиғи байлықтар және қалған 64% әлеуметтік және адам капиталымен байланысты. Дамыған елдердегі ұлтық байлықтың 40% тиімді білім жүйесін дамытудың қорытындысы. Сондықтан, соңғы 25-30 жылда әлемдік экономика негізінен адам капиталы есебінен дамуда, яғни бәсекелес адам капиталын қалыптастырудың негізі білімде. Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2011 жылы қазақстандықтардың сауаттылық деңгейі 99,6% болды. 15 жастан жоғарылардың 20%-ың жоғары білімі бар[6].

Әлемдік экономикалық форумның бәсекелестік рейтингі бойынша Қазақстан 2006 жылғы 56 орыннан 2011-2013 жылдары 51 орынға жылжығанымен, адам капиталын дамытудың негізгі көрсеткіші – тұрғындарды біліммен қамтамасыз ету индексінде төмендеу (-12 саты): орта білімде (-17) және жоғары білімде (-1).

Біздегі студенттерге бөлінетін қаржы дамыған елдерден 6 есе төмен. Жоғарғы білімге бөлінетін мемлекеттік қаржының деңгейі, ЖІӨ %-пен есептегенде (ҚР статистика Агенттігінің дерегі) Қазақстанда-0,2%, дамыған елдерде орташа -1,6%.

TIMSS халықаралық ұйымның 2007-2011 жылдары Қазақстанда жүргізген зерттеулері отандық білімнің сапасы мен деңгейі инновациялық экономикаға сай емес екенін көрсетті.

Әлемдік Бәсекелестік Индексінде Қазақстан білім сапасы бойынша 144 елдің ішінде 101 орында және инновациялық потенциал бойынша 90 орында.

Басқа елдерде жоғарғы білімділердің арасында жұмыссыздық басқа категориядағы адамдардан 2 есе төмен болса, Қазақстанда керісінше 3 есе жоғары. Бұл көрсеткіш 2011 ж. 24,9% құрады.

Әлемдік экономикалық форумның (WEF) [7] есебі бойынша Қазақстан  2009 жылы «Денсаулық/орта білім» факторы бойынша 141 елдің ішінде 85 орында болды. Қазақстанның орта және жоғарғы білімінің сапасы бәсекелестікке сай емес. Білім сапасын көтеруде мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің маңызы зор. Қазақстанда бұл категорияға бөлінетін шығын Еуроодақтан 10-20 есе төмен және ЖІӨ-нің 0,1 - 0,2% құрайды.

Орта білімнің материальды-техникалық және оқу-методикалық базасы нашар, инновациялық оқыту әдістері қолданылуы қанағатсыз. Сабақтар оған бейімдделмеген бөлмелерде оқытылады және мектептердің 50% шағын комплектілі, мұғалімдердің табысы елдегі орта табыстың 58%-ын құрайды [14].

Еңбек нарығында кәсіпқой стандарттардың жоқтығы, дайындалатын мамандардың сапасының төмендігі, тиімсіз басқару, қаржыландырудың төмендігі техникалық жәе кәсіпқой білімнің шешілмеген негізгі мәселелері болып табылады. Сонымен қатар, кәсіптіктехникалық білімнің компаниялармен, жалпы, нақты экономикамен байланысының жоқтығы оның түлектеріне қажеттілігін төмендетеді.

WEF-тің 2009 жылғы («жоғарғы білім/тренинг») рейтингі бойынша Қазақстан 141 елдің ішінде 65 орын алды.

Жоғарғы білімді дамытудың негізгі мәселелері:

- Қазақстанда білімге ЖІӨ-нің 4,0% деңгейінде қаржы бөлінсе, дамыған елдерде ол 16%-ға жетеді. Бюджетттік қаржыландырудың төмен болуы ақпараттандыру және жаңа технологияларды енгізу, білім беру деңгейінің төмендігінің т.б. себебі болуда;

- Білікті мамандардың жетіспеуі. Жалақының төмендігі мектептер мен университеттердегі білікті мамандардың жетіспеуі және тұрақтамауларының негізгі себебі болып табылады;

- студентер мен магистранттарда өз еркімен жұмыстану қалыптаспаған. Студенттердің білімін тек тест арқылы бағалау олардың креативті ойлауы мен аудитория алдында сөйлеу қабілетін төмендетеді. Әлемнің алдыңғы қатарлы университеттеріндегідей студенттердің өтпелі және қорытынды білімдерін тексеруде тестпен қатар, жазбаша және ауызша білім ді тексеру қажет;

- Қазақ ЖОО-нда дайындалған ғылыми жұмыс пен оларды ендіру батыс университеттерінен он еседей төмен және ғалымдардың саны өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарындағыдан әлдеқайда төмен. Университеттер мен ҒЗИ ғылыми потенциалы тиімді пайдаланылмайды. Талантты жастарды ғылымға тартуға жағдай жасалмаған;

-Мамандарды дайындау жүйесінің қазіргі талаптар мен тәжірибеден алшақтығы. Бұл мәселені шешуде батыс университеттеріндегідей [9], мамандарды дайындаудың дуальды жүйесін енгізу маңызды. Экономиканың әр саласында жұмыс істеп жүргендердің 33,5% өз мамандықтары бойынша, оның ішінде қала тұрғындарының- 53%, ауылдағылардың-22%.

- Ірі және орта кәсіпорындарда жыл сайын 18-20 мың орын бос тұрады және басқа мамандықтар бойынша мамандардың артықшылығы байқалады [10];

-  Әлемдік банктің деректері бойынша мұнай саласы , машинаөнеркәсібі, металл өңдеу салаларында мамандар жетіспейді және осы салаларда істейтін мамандардың 60%-ның кәсіптік деңгейлерінің төмендігі, бұл салалардағы өндіріс пен бизнестің дамуына кедергі болуда. Жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстың сай келмеуі бір жағынан жұмыссыздықты туғызса, екінші жағынан – маманданған инженер-техникалық мамандар, ақпараттандыру т.б. жетіспеуі.

Аграрлық салада еңбекке жарамды тұрғындардың үштен бірі еңбек еткенімен, бұл саланың ЖІӨ-дегі үлесі небәрі 4,7% яғни ол адам капиталының дамымағанын көрсетеді. Президенттің 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында, «біздегі ауыл тұрғындарының еңбек өнімділігі батыс елдердегіден 20 есе төмен екені...» айтылады.

            Халықаралық Адам институтының сараптамалары тәрбие мен білім саласында жоғарыдағыларға қоса шешуін табуды қажет ететін келесі түпкілікті мәселелердің бар екенін көрсетті:

- Көптеген балалар тәрбиесі ошақарында жергілікті халықтың дәстүрі мен мәдениетіне негізделмеген тоталитарлық жүйеден қалған «дәстүр» сақталуда. Ол, бұл салаларда әлі ешқандай реформа жүрмегенін көрсетеді.

- XIX ғасырдаотарлаушылар далада хатшылар, аудармашылар, толмачтар т.б. дайындайтын бұратана халықтарға арналған аралас мектептер ашты. 1916 жылы халық патшаның саясатына қарсы көтеріліске шыққандар алдымен елдің мүддесін сатқан, сол мектептерді бітірген «білімділерді» жазалады. Отарлаушыларға қызмет еткен аралас мектептердің түлектері алашордалықтар сияқты ұлтының зиялысы бола алмады. Ш. Уәлихановтың өзі отарлаушылардың алдауында жүргенін өмірінің соңында түсінді.

            Бүгінгі Қазақстанда бала-бақшалар мен университеттердің жартысы, әрбір үшінші мектеп – аралас яғни бұратана ұрпақ тәрбиелейді. Мысалы, Алматыда мемлекеттік тілде тәрбие беретін бала-бақшаның үлесі-10%, метеп-33%, Астанада - 50%-дан кем. Бұндай білім жүйесімен мемлекеттік институттар мен адам капиталын дамыту және толыққанды интеллектуальдық ұлт қалыптастыру мүмкін емес. Бұл бұратана тобырды өсіретін білім жүйесі;

- Аралас және орыс мектептері мен университеттердегі білім жүйесі негізінен кеңестік-ресейлік. Олар математикадан жақсы білім бергенімен, қалған пәндердің білімі төмен. Қорытындысында Батыс ғалымдарынан біздің ғалымдар ашқан жаңалықтар он есе, оларды өндіріске ендіру 14-16 есе төмен;

- Ресей университеттері- ол XVIII ғ. Пруссия университеттерінің көшірмесі. Ал, қазақ университеттері Өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы Ресей университеттерінің көшірмесі болғандықтан, бәсекелестікке қабылетсіз болып қалуда;

- Соңғы 25 жылда «Болашақ» бағдарламасымен және өз бастарымен жүз мыңнан астам жастар шетелде оқыды. Бірақ ол жоғары сапалы ғалым, мененджер не инженерлер дайындауда ойдағыдан шықпады. Бұл бағдарламалардың көңілден шықпауының себебі, біздің студенттер негізінен шетелдің университеттеріне

Білім мен ғылым іздеп емес, диплом, сертификат алуға немесе шет тілдерін оқуға барды;

-         Біздегі білім жүйесінің келесі мәселесі, - онда негізгі фактор- адам интеллектісінің қалыптасу факторы қаралмайды. Адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15 жаста олық қалыптасатыны ғылыми дәлелденген. Бізде мектепке бала 7 жаста (Жапонияда 5 жаста) барады және аптасына орташа 41-42 сағат (Жапонияда 52 сағ.) оқиды. Қорытындысында, біздің оқушылар 10 жылдық бітіргенде шетелдік құрдастарынан 5 мыңдай сағат, 12 жылдықта- 6 мыңдай сағат яғни бакалаврдің курсын кем оқиды. Одан кейінгі кәсіптік-техникалық білім мен университеттердегі артта қалу қорытындасында ғылым, технология және инновацияның дамымауының себебі болмақ. Бұндай қоғамның мүшелері өз мүмкіндіктерін толығымен көрсете алмайды яғни толығымен бақытты бола алмайды. Сұрау жүргізгендердің 60% республикадағы білім деңгейі төмен деп жауап берсе [Kapital.kz.], тағы 22,9% бірінші кезекте өте білікті ұстаздар қажет екенін мәлімдеді. Респонденттердің 13,9% мемлекеттік оқу орындарында, жекеге қарағанда оқу процессін бақылау қатаң екенін атап көрсетсе, қазақстандықтардың тек 4,2% ғана қосымша сабақтардың болуына байланысты жеке білімді қалдыруға болатынын қолдады. Соңғы жылдары отандық ЖОО АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия т.б. елдерден  төрт мыңдай ұстаздар мен ғалымдар шақырды. Сонымен бір уақытта шетелде білім жетілдіру іске асуда. Қазақстанның білімінің мәселелерін Болонн процессі (оған бір уақытта Азия мен Африканың 54 елі кірді) мен 12 жылдыққа көшу шешпейді. Сондықтан білім мен ғылым жүйесін толық модернизациялау керек.

            БҰҰ дерегі бойынша Қазақстан тұрғындарының өмір ұзақтығы мен денсаулық саласы бойынша 128 орында (РФ-112, Беларуссия-118). Тұрғындардың сауаттылығы, білімге қолжетімділік және гендерлік теңдік бойынша Қазақстанның көрсеткіші жоғары болғанымен, өмір ұзақтығы бойынша Гондурас (73,4), Алжирлерден (73) кейін қалған, кейбір деректерде Қырғызстан мен Өзбекстанмен (68-70 жас) шамалас. Адамдардың өмір ұзақтығы әлеуметтік факторлар, өмір деңгейі, тұрғындардың денсаулығы және экологиялық жағдайға тікелей байланысты. Бұл жерде Ресейге 50 жылға берілген Байқоңыр космодромы мен 10 млн га жуық әскери полигондардың зардабы көп. 

            Қазақстан 2012 жылы өмір деңгейі бойынша 144 елдің ішінде 46 орында болды.

ПРООН-ның дерегі бойынша Батыс Еуропада денсаулық пен білімге ЖІӨ-нің 8,1% және 8,5% бөлінеді. Әлемді денсаулыққа орташа 5,5% (Қазақстанда 2,5%) бөлінеді. Дамыған елдерде халықтың 50%, АҚШ-та еңбекке жарамды тұрғындардың 2/3 ой еңбегімен айналысады.

Бұрынғы құндылықтар өзгеріп, қоғам өркениетке бағыт алып жатқан, қазіргідей өтпелі кезеңде тәуелсіз елдің алға басқан қадамы қарымды болу үшін, қоғамға ендіретін жаңалықтар мен ұстанымдарды алдын-ала жан-жақты саралап, қайта қарауды талап етеді. Оған Дао философиясы мен Кама ілімінен бастап, ұлттық дәстүрдің есті-есерін айыру, қабылдайтын діни ағымдар, Болонн процессі... Абайдың шығармаларын т.б. ұлт пен ұрпақты дамытуға қажетті барлық шаралар жатады. Сонда ол, «соқыр тауықтың жемі емес», ұлт пен ұлысты дамытып, жаңа сапалық дәрежеге көтеретін ұлттық идеяның құралына айналады. Онсыз қоғамда оң өзгеріс болмайды. Құран Кәрімнің бір аятында, “Күдіксіз бір қауым өзін өзгерпейінше, Алла оларды өзгерпейді!” деген.   

 

ӘКІМ Жанұзақ