^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player
Шаблоны Joomla 3 тут

        «Ағартушы» қоғамдық қозғалысы алқа мүшелерінің тапсырмасымен бүгін өткенде оқыс жағдайда қаза тапқан әріптесіміз Халел Досмұхамбетов атындағы №4 жалпы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сейітжан Ізбасовтың болған жағдаймен танысу үшін Шымкент Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева ханымның қабылдауында болдым. Жанат Арысбекқызы болған жағдайды туралы айта келіп, марқұмның отбасына қолдарынан келген көмектің бәрін жасап жатқанын, алдағы уақытта да отбасының жағдайын өз бақылауында ұстайтынын айтты. Әңгіме соңынан, ҚББ-ң қызметкері Қуаныш Есқараевты қасымызға қосып беріп, марқұм жұмыс істеген мектепке жіберді. Мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Қасым Бұралқиевпен бірге марқұмның шаңырағына кіріп жағдайларымен танысып шықтық. Марқұмның жесірі Тұрғанбаева Әминаның айтуынша, Қалалық Білім Бөлімі мен мектеп ұжымы қолдарынан келген көмектің бәрін жасап жатыр екен.

Үйде 3 баламен отырған Әминаны мектепке жұмысқа қабылдауды мектеп басшылығы өз мойнына алса, алды бес, ортаншысы үш, кенжесі бір жарым жастағы 3 баласын балалар бақшасына орналастыру үшін құжат дайындап жатыр екен. Сонымен қатар, мектеп басшылығы баспанасы жоқ отбасыны мектепке жақын маңнан пәтер тауып беруге әрекет жасап жатыр екен. Қалалық Білім Бөлімінің басшылығы Тұрғанбаева Әминаны жеңілдетілген тұрғын үй кезегіне тұрғызу үшін тиісті орындарға ұсыныс жасапты. Дегенмен, білім бөлімі мен мектеп басшылығының мүкіндіктері шектеулі екенін білеміз. Ал асыраушысынан айрылған отбасы әлі де болса көмекті қажет етеді. Ендігі жерде Майра Амантаева ханым басқаратын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі де өз көмек қолдарын созады деген үміттеміз. 

Өмір Шыныбекұлы – жоғары санатты ұстаз, 

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Шымкент қ.