^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player
Шаблоны Joomla здесь

           Бүгінгі күннің бітпейтін, таусылмайтын жырының бірі - мұғалім мәртебесі. Мұғалім  қолбалаға айналғалы қашан. Әркім өз жұмысымен айналысу керек. Жеген ақшаның орнын толтыру ма деп те ойлайсың осындайда. Қоқыс тазалау мұғалімнің тікелей міндетіне кірмесе де заңды белшесінен басатын әкім мен директорлардың арқасында "қоғамдық" жұмыс ретінде мұғалімнің мойнына артылып отыр.

         Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырза мұғалімдерді қызметінен басқа жұмысқа тартуға болмайтынын айтып арнайы қаулы қабылдап үкіметке жібергенін айтқан. Бірақ әлі сөз жүзінде қалды. Министрлік пен мектеп екі әлемде өмір сүреді. Мектептер министрдің айтқанына бағынбайтын болса, әкімдікке қосып басыбайлы беру керек қой. Мектепке әмірін жүргізе алмайтын министрлікті білім және ғылым министрлігі деп қалай атайсың?

       «Айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман» -дейді қазақ.  Мұғалім мәртебесі,  мұғалім беделі,  мұғалімнің жәй-күйі жайлы сан мәрте айтылып та, жазылып та жүр.  Баяғы жартас сол жартас,  жаңғырық боп қалады, саңырау-мылқау қу жартас  қайдан ұқсын жан айқайын ұстаздың? Тыңдалмаса сөз жетім,  жетімнің күйін кешкен сөз  ғана емес-ау, сөз иесі ұстаз атты ұлы тұлғаның үні, жан айқайы  болмақ...

 

          Міне, көктемгі науқан басталды. Бұл  суреттегілер «көше  тазалықшылары»  емес, ұстаздар!

          Бұл  Алматы обылысы, Қарасай ауданы, Әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын арнаулы гимназиясының мұғалімдері.

Алты алаштың басы қосылғанда төрден орын алатын  ұстаздарымыз қоқыс теріп, көше бойын тазалауда. Күні кеше ғана ұстаздар қауымына ара түсіп, əріптестерін «əкімшілік  жұмыстарынан арашалап аламын»  деген  министр Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев мырза сөз беріп еді. Сол сөзі әншейін бір құрғақ уəде болып қалғаны  ма?  Əлде əкімдік  тегін  еңбек күшінен  оп- оңай айырылғысы келмегені  ме? Олар ұстаздар қауымын қойдай  тоғытып, қозыдай көгендеп қоғамдық жұмысқа сала бермек пе? ...

         Бəзбіреулер бұны «отансүйгіштік» деп ақталатын болар, ал мен үшін бұл ұстаз мəртебесінің  тым  төмендігінің белгісі...   Ұстазының   жұпыны  киініп, күл-қоқысты  теріп  жүргенін  көрген  оқушы  қалай  ғана  мұғалімге еліктеп  өседі? Олар үшін ұстаз – көмпіс те, қораш, бейшара  қауым боп  көрінбейме?!.....

       Мұғалімге қарап бой түзейтін қоғам мен оқушы жоқ қазір. Өйткені, мұғалім қолына күрек, сыпыртқысын көтеріп, қап арқалап көше тазалып жүрсе, оған қарап кім бой түземек? Әкім-қараның қол баласы болып, үй аралап, санақ жүргізсе, сайлаудағы үгіт-насихат үшін кім көрінгеннің есігін қағып, жәутеңдеп қабағын бақса, ұстаз қалай ғана төредей төрден орын алмақ? «Ит көзі түтін танымас» деген осы емес пе?

       Алатаудай атынан  ат емес атан үркетін, өсер елдің ертеңі,  ұлт қамы,  ұрпақ болашығы үшін  жанын  салып жүрген ұстаздарымыздың қоғамдағы бүгінгі орны мен бейнесі осы.

       Министр сөзінде тұрса, беті бері қарар еді-ау, мына қоғамның...

 

 

Дәлел Жанатұлы, ұстаз

Mektep-news.kz