^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player
Шаблоны Joomla 3 тут

Республикалық білім қызметкерлері

 салалық кәсіподақ ұйымының

Төрайымы Майра Тұрғанқызына

 

Официалды түрде хат жаза алмайтын, мұғалімдік қызметпен байланысы жоқ бұрын әкім болған, мұғалімдерді қанайтын Қарасай кәсіподақ төрайымы Байбосынова С.К мен Алматы облыстық кәсіподақ төрағасы Омашовқа тәртіптік шара қолдануларыңызды сұраймыз.  Қарасай аудандық кәсіподақ төрағасының кандидатурасын  қайта қараңыздар. Кәсіподақ жарғысын бұзып отыр.  Осы күнге дейін неге кәсіподақ жарғысын бұзған төрағалар мен төрайымдарға неге шара қолданылмайды? Берілген ұсыныстарға неге жауаптар жоқ?  Алмалыбақ ауылының әкімін неге Қарасай аудандық кәсіподақ төрайымы болып сайланған? Неге мұғалімдерден емес?

Мектеп бұхгалтерлерінің кәсіподақ жарнасын ұстауға, есептеуге қақысы жоқ! Онымен жеке кәсіподақ ұйымының есепшілері айналысуы керек.

Бір хаты екінші хатына үйлеспейді! 

 

Құрметті ************* ***********!

     Сіздің 18.04.2017 ж хатыңызға келесідей жауап береміз.

 25.03.2017 ж сенбілікке қатысты бірінші хатта жауап қайтарылды.

   Аудандық білім бөлімімен  кәсіподақ ұйымы арасында келісім шарт бар, ал келесі жылға келісім 2017 жылдың қазан айында шығарылады. Қазіргі келісім шарттағы пункттер  «мұғалімдерді тікелей қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға жібермеу туралы»   келесі жылғы келісім шартта өзгеріссіз қалады.

   Газет журналдарға жазылуға келетін болсақ ауылда мұғалім – білім көзі, әдістемелік сауатты, дүниетанымы кең, аудан, облыс, Республика, бүкіл әлемдегі жаңалықтарды біліп, онымен бөлісуі керек, себебі ғаламтор бар жерлерде қолданылмайды. Сондықтан газет журналдарға әр ұстаз өз үшін жазылады.

   Концерт, спартакиада, айтыс және т б мәдени сауықтыру- спорттық шаралар рухани даму үшін қажет. Рухани кедей мұғалім  өзіне де оқушыларға да  қызықты емес.

    Екі айға жуық қызмет атқарып жатқан уақытымда «мұғалімдердің тапталған  құқығы» туралы бірде- бір шағым тіркелмеді.    

  Мамыр айы –оқу жылының аяқталатын уақыты. Мектеп ұжымында ҰБТ-ға, емтихандарға дайындық, бақылау жұмыстары қорытынды пед кеңестер өткізіле бастайды сол себептен, прокукратура өкілдерін, сыбайлас жемқорлық өкілдерін шақырып семинар өткізуді, заңгер қабылдау жайында жаңа  оқу жылында   жоспарлап отырмыз!

 Ал қаржы есебі бойынша әр ұстаздан қанша жарна аударылатыны жайында сіз мектеп есепшісінен біле аласыз. Жарғыға байланысты аудан көлеміндегі қаржы есебін сіз Алматы облыстық кәсіподақ ұйымынан білесіз.

 

   Құрметпен кәсіподақ төрайымы Байбосынова С.К 

Mektep-news.kz