^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player
Компоненты, модули, шаблоны и другие Расширения Joomla

Қазақстан Республикасының Білім және 

ғылым министрі   Е.К. Сағадиевқа

                                                                                           Қазақстан Республикасының

                                                                                                                    Бас Прокуроры

                                                                                                                  Қ.П. Қожамжаровқа

Республикалық кәсіподақ төрайымы 

М.Т.Амантаеваға

 

Ашық хат

 

        Ұстаз ұлы тұлға, ұлағатты есім! Ғалым да шахтер да бас иетін ұстаздарымызды қазіргі таңда сыйлауға сөз таппай, қинауға жол тапқан  жайымыз бар. 

       Қашанға дейін мұғалім ата-ана мен оқушылардан  таяқ жеп  жүреді?  Тоқтататын уақыт жеткен  шығар!?

       Елімізде осы кезге дейін мұғалімді қорғайтын арнайы заң жоқ.  Мектеп мұғалімдері  ата-анамен оқушының алдында дәрменсіз күйде қала береді. 

        Білім туралы заңның   51-бабының  13-тармағында  «білім  алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар»- делінген. 

          Бірақ  заңды қарап жатқан ешкім жоқ. 

Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай елдімекенінің  Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің мұғалімі Гүлзира Байдильдаеваны  6-сыныптың оқушысы Вагиф Кулиевтың анасы мен әпкесі  соққыға жығып, басына зақым келтірген.  Бұл оқиға туралы  ютуб желісіндегі телеарна сайттарынан көре аласыздар. Немесе мына сілтемелерден. 

https://www.youtube.com/watch?v=kgj7_BhQZ6g&feature=share  31  арна

            Неге екені белгісіз мына сілтемедегі бейнежазбада http://kaztrk.kz/news/qogam/almaty-oblysynda-oqushynyn-ata-anasy-mugalimdi-soqqyga-zhyqty-108070  

«Қазіргі таңда дене жарақатын келтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-бабы 

1-тармағына сәйкес әкімшілік өндіріс жүргізілуде,"-депті облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Ернар Сайдильдин мырза. 

ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексі,  (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235#z3220) 73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

      1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

 

Қандай әкімшілік құқықбұзушылық? Сонда мұғалімнің таяқ жеп дене жарақатын алуы әкімшілік құқықбұзушылық болғаны ма? Қылмыстық іс неге қозғалмайды? 

Ұстаздық   киелі мамандық!  Біз ұстаз беделінің қорғалуын талап етеміз!!!

 

1. Ұстазға қол көтерген ата-ананың үстінен әкімшілік құқықбұзушылық емес, қылмыстық іс қозғалсын!

2. Зардап шеккен мұғалімдерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсін! 

3. Мұғалімдер мен ата-аналардың ара-қатынасын реттейтін  қатаң заң қабылдансын!  

 

Құрметпен:  Қазақстан мұғалімдері

(Қол қою жалғасуда)