^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player
Бесплатные шаблоны Joomla

Педагогтардың арасында сұрақ туындап отырған жаға форматтағы педагог қызметкерлерді аттестаттау несімен қиын болуы мүмкін? Педагог қызметкерлер тестен өте алмайтын білімсіз бе деген сұрақтардың туындауы орынды. Шынымен қазіргі педагогтарымыз білімсіз бе?

Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейікші. Педагог қызметкерлердің наразылығын туғызып отырған аттестацияның бұл түрі БжҒМ қашан талқылаудан өткізіп үлгерген? Педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 бұйрығымен жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 16838 болып тіркелген. (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800016838)

Педагог қызметкерлердің арасында дау тудырып отырғаны мұғалімдердің аттестаттаудан өтуі тура оқу жылының аяқталуы мен мемлекеттік емтихандардың өту уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Екіншіден барлық аудандарда арнайы тест тапсыратын орталықтар бола тұра балық мұғалімдерді неге қалаларға жинап отыр? Олардың жол шығыны, жатахана шығынын кім көтереді? Бұл жағдай БжҒМ аудандарда интернеттің өте нашар істейтінін және ол жерлерде цифрлы Қазақстан жобасы іске аспағанын, ол орталықтарда арнайы тест тапсыратын орын болғанымен компьютер паркінің ескіруі және жетіспеуін мойындауы деп білемін.

Тағы бір қорқыныш ол – БжҒМ ұлттық біліктілік тестіне арнайы дайындаған жинақтардың шығарылмауында. Мұғалімдер дайындалатын ақпарат өте көп. Оның үстіне жылдық тапсыратын есептер мен бақылаулар олардың жыл соңында дайындалуына мүмкіндік бермейді.

2017 жылғы мұғалімдердің аттестаттау тестінің нәтижесі бойынша 14-17 қараша, қайта тестілеу 13-15 желтоқсан аралығында өткізілді. Республика бойынша тестілеу 5090 компьютердің қолдануымен 256 тест тапсыру орындарында өтті. (http://www.testcenter.kz/schools/ktpr-results/)

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен компьютерлік тестілеу әдісі арқылы онлайн режимде жүргізілді. Біліктілік тестілеуге қатысуға өтініш бергендердің саны 14056-ды құрады. Біліктілік тестілеуге қатысқандардың саны – 13723 адам.

Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар «Пәндік білім негіздері» бойынша – кемінде 70% (18-25 балл), «Педагогика және психология негіздері» және «Қазақстан Республикасының заңнамасын білу» пәндері бойынша – 50% (10-20 балл) болса, оң деп есептелді.

Шектік деңгейден өткен педагог қызметкерлердің саны – 6167 адам. Шектік деңгейден 7556 педагог қызметкер өте алмаған. Заңнама, педагогика, пәні бойынша 20 сұрақтан 60 сұрақты қамтыған. Бұл өткен жылғы нәтиже, ар жағын өзіңіз ойлана беріңіз.

Жаңа форматтағы тестілеу бойынша заңнама алынып тасталған, оқу пәнінің мазмұны 70 сұрақ, педагогика оқу әдістемесінен 30 сұрақ болады. Тестілеудің жалпы уақыты 200 минут, жаратылыстану пәндері бойынша 230 минут беріледі.

Тестілеу нәтижесі бойынша «Педагог модератор» - 50%, «Педагог сарапшы» - 60%, «Педагог зерттеуші» - 70%, «Педагог шебер» - 80% алуы тиіс. Тестілеуден өте алмаған педагогтарға жылына көбі бір рет қана тест тапсыра алады. Тестілеуден оң нәтиже көрсеткен педагогтар аттестаттаудың екінші кезеңіне өтеді. Ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижесі бір жылға ғана жарамды.

«Педагог модератор», «Педагог сарапшы» , «Педагог зерттеуші» , «Педагог шебер» біліктілік санатынан өткен кезде және ұлттық біліктілік тестілеу ден қайта өткеннен кейін өтініш берілген біліктілік санаты расталмаған жағдайда, қазіргі кездегі біліктілік санаты сақталады, одан кейін расталмаған кезде бір жылға ұзартылады, қайтадан расталмаған кезде біліктілік санаты тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде "педагог" біліктілік санатына дейін төмендетіледі.

Ұлттық біліктілік тестілеуден өткен педагогтар екінші сатыдағы портфолио және қаулымен белгіленген нұсқада арнайы комиссия қарауынан өтеді. Егер комиссия ол санатқа сәйкес емес десе оның дәрежесі бір санатқа төмендетіледі. Комиссия отырысында кем дегенде оның 2/3 мүшелері қатысқан кезде аттестаттау комиссиясының шешімі қабылданған болып есептеледі. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Жаңа форматтағы ұлттық біліктілік тестілеудің тест нәтижесі «әділ» өткенмен жетістіктердің «бизнесіне» тосқауыл бола алмайды. Мұғалімдер аттестатциядан өту үшін екі рет сабылады деген сөз. Бұрын тестілеуді тек мерзімінен бұрын өткен ұстаздар ғана тапсыратын.

Педагогтардың тестіден өту-өтпеуі БжҒМ жауапкершілігіне тікелей байланысты. Қазір жаңартылған мазмұндағы білімге көшуге байланысты сұрақтар да күрделен түсті, көбейді. Ағылшын ғалымдарының аттары, әдіс – тәсілдері, олардың «ғибратты» сөздері тестте кездесуі мүмкін. Яғни біліктілік санаттарды алу да оңайға түспесі анық.

Тағы бір айта кететін мәселе ол қазір бағалау түрі де өзгерді. Осыған орай мұғалімдерді де аттестаттаудан тест түрінде емес, нақты дискрипторлармен құрылған жиынтық бағалау форматымен өткізген дұрыстау секілді.

Білім реформасында біз күтпеген талай өзгерістер орын алып жатқанын ескерсек тесттің құрамында қандай сауалдар болатыны БжҒМ аян. Оқу жылының аяғындағы есеп пен тоқсандық бақылау, мемлекеттік емтихандарға мұғалімдердің де емтиханын әкеліп тіреп қоюуы жауапкершіліктің жоқтығы дейміз бе әлде ұстаздарды мазақ ету дейміз бе, патша көңілдеріңіз білсін.

Оқушы оқыту өз алдына, өздері оқушы болып курстан-курсқа дала кезіп оқып жатқан ұстаздардың жай-күйі өздеріңізге аян. Тест тапсыруға бәленбай мың мұғалім өтініш білдірді деп БжҒМ санын шапалақтап есеп беріп жатқан БжҒМ мыңдаған мұғалімдердің кезекті аттестация үшін тестке бара жатқанын қайдан білсін. Бұл тесттен ұстаздардың сүрінбей өтуін тілейміз, алайда оның астарында ақша үнемдеу жатқаны айтпаса да түсінікті. 2018 жаңа жылдан бергі ағылшын тілі сертификаттары бар мұғалімдерге ақшасын төлемей отырғанда басқасына сену қиын. Уақыт төреші...



М. Темірбек

«Мұғалім мәртебесі» ҚБ төрағасы