^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player

“Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасын пилоттық енгізу туралы білім және ғылым министрінің 2016 жылы 29 тамызда №536 бұйрығы шыққан. Алғашында 4000 мектепке енгізіліп кейіннен жаппай электронды журналға көшу басталды. Мектептерде де аз проблема болған жоқ. Интернеттің қолжетімсіздігі, мектептердегі компьютер паркінің ескіруі, компьютерлердің жетіспеушілігі біраз қолбайлау болып тұрғаны рас. Дегенмен жаңа технология заманы ғой, электронды журналды  мұғалімдердің игере бастағанына біраз уақыт болды. Өз техникасын пайдаланса да толтырып жатыр. Кейбір өңірлерде екі журналды қатар толтырып жұмыстың көбейгені де бар. «Күнделік» компаниясының бас директоры Мұхтар Илиясовты электронды күнделікке қатысты сұхбатқа тартып көрген едік.   

 

-          Жалпы электронды күнделік бізде қалай пайда болды? Өдеріңіздің жұмыстарыңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз?

-          Kundelik.kz оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге арналған электронды күнделік және журналдар жүйесі 2016 жылы 1ші сәуір күні пайда болды. Ғаламторға жариялау алдынала, біз жарты жылдың ішінде толықтай ішкі жұмыстарды атқардық. Ол инвестицияларды іздеп және нақты қаражатты белгілеу, бағдарламаны құрастыру жұмысы, Қазақстан орта білім саласындағы стандарттарға бағдарламаны сәйкестеу, ақпараттық технология мәселелерін мен мақсаттарын шешу, мемлекеттік білім саласындағы ұйымдармен кездесу және тағы басқа жұмыстарды атқардық.

 

-          Электронды күнделік Ресейдің «Дневнигінің» көшірмесі болғандықтан көпшілік қабылдай алмады. Осыған ұқсас болмаса да өздеріңіздің басқа идеяларыңызды ұсынбасқа болмас па еді?

 

-          Бұл пікіріңізбен толықтай келіспеймін. Себебін толықтай айтқанда, біз Ресей «Дневнигінің» бағдарлама нұсқасын көшіргенімен, Қазақстан Республикасының оқу бағдарламасына сай, әрі еліміздің стандартты түрде енген оқу жоспарлары бойынша жүйеде біраз өзгерістер енгізілген. Ол жұмыс оңай және тез жасалатын жұмыс емес болды. Нәтижесінде, Ресейлік «Дневниктен» біздің Қазақстаннын Күнделігі 50% астам функционалы өзгертілген. Екіншіден, 2016 оқу жылының сонында біз мұғалімдерден кері байланысты жинадық. Мұғалім қауымы және көпшілік біздің жобаны мақтап қолдады, оңын ынғайлығын ескерті, кеңес беріп тілектер қалдырды. Осының барлығын жұмысқа салып, соңында жүйеге жүктеп енгіздік. Біз бұл жұмысты жыл сайын тұрақты негізде жүзеге асырылып өткізіп отырамыз

 

-          Сіздер өздеріңізді қалай қаржыландырып отырсыздар ?   Білім және ғылым министрлігі  тарапынан қаржыландыру болған жоқ па?

 

-          Қаржыландыру мәселесі тек өз колымызда ғана. Бастапқы қаржыландыру тек қана жекеменшік инвестордың көмегімен инвестициялар арқылы жоба қазынасына құйылды. БжҒМ және басқа мемлекеттік ұйымдардың бірде-бір тиын қаржыландыру болған жоқ.

-          Сабақ кестесін бекіген тарификация арқылы автоматты түрде жасайтын етіп жасауға болмай ма? Көп жерлерде сабақ кестесін жасағанда оқу ісінің меңгерушілері бастары қатып жатады. Қай мұғалім қай пәннен беретіні, неше сағатпен жүргені белгілі болса сабақ кестесін автоматтандыру мүмкін ғой?

 

-          Күнделік жүйесінде, кесте бөлімі максималды түрде құрастырылған және автоматтандырылған. Мұғалімдер кесте жасаудың толық нұсқаулығын білген жағдайда, кесте жасау барысында қиындықтармен соқтығыспайды. Ең маңыздысы, тұрақты нұсқаулық бойынша нақты қадамдарын жасап, кесте құрастыру. Құрастырып болғаннан кейін, өңдеу, арнаулы қиындықтарды тудырмайды. Әрине, мұғалімдердің ұсыныс ретінде айытылған өзгерістер Күнделік жүйесінің мамандарымен қарастырылып, өзгерістің пайдасын анықтағаннан кейін, өзгерісті жүйеге енгізу мәселесін шешеді.

 

-          Күнделік.кз қазақша нұсқасымен жұмыс жасағанда кейбір жерлерінде аударылмаған орысша сөздер немесе дұрыс аударылмаған сөздерді кездестіріп жатамыз. Бұл тіл туралы заңды бұзу емес пе? Бұл олқылықтар қашан жөнделеді?

 

-          Күнделік жүйесі қазақ тіліне толықтай өзгертілген. Пайдаланушылар жүйені арнаулы браузермен ашады. Браузерде қосымша «автоматтандылған түріндегі аудармашы» батырмасы бар. Ол қосылған жағдайда, браузер «толық ақпаратты» өзгертпейді, ол бірнеше сөздерді, компьютер болғандықтан, өзгертпейді. Осы себеппен көбінесе пайдаланушылар жүйенің қателігі ретінде санап, Күнделік жүйесінен көреді.

 

-          Электронды күнделікті жер-жерде мұғалімдер толтырып әбігерге түсіп жатыр. Электронды күнделікте министрден бастап барлық білім беру бөлімдерінің, департаменттердің басшылары тіркелген екен. Тіркелгенмен кірмеген екен. Не мақсат? Немесе өздері бастаған жаңашылдыққа ұмтылмай ма?

 

-          Kundelik.kz жобасына мұғалімдерден, оқушылардан, ата-анадан басқа мемлекеттік білім ұйымдардың қызметкерлері кіруге маңызды, себебі ол азаматтар kundelik.kz жүйесі арқылы бақылау жұмысын атқарады. Негізінде, Қазақстан Республикасының Білім және Ғалым Министрлігі және 17 облыстық білім басқармасының қызметкерлері тұрақты негізінде сайтымызды қолдануы тиіс. Алайда, 177 аудандық білім беру бөлімдерінің мүшелері барлығы кірмейді, өкінішке орай. Бұл мәселе бойынша біз тұрақты негізде БжҒМ мен Білім басқармаларға хабарлау жасаймыз. Жақын арада осы мәселе толықтай шешіледі деп үміттенеміз.

 

-          Сабақта жоқ оқушыларды 4 түрлі тәсілмен белгілейді екен. Бірақ ол оқушы не ауырып не себепсіз тб жағдайлармен қалуы мүмкін ғой? Ол оқушыны бір ғана белгімен «ж» деп қойып қалғанын анықталған соң сынып жетекшісінің құзырына қалдырса болмай ма?

 

-          Күнделік жүйесінде, оқушының сабаққа қатыспауының бірнеше белгісі бар: А – ауырып қалды, Ж – сабақта жоқ, К – кешікті және Д – дәлелді себеппен мектепте жоқ. Күнделік электронды журналында мұғалімдер, осы тәсілдерді пайдалану тиіс. Қойылған белгілерді, арнаулы себептермен, өзгертсе де болады.

 

-          Былтыр Цифрлы Қазақстан деп алып ,электронды күнделікті аяқ асты өшіп қалса деп (архив үшін) Алматының кей мектептерінде қағазға қайта шығартты. Осы қандай заңның негізінде? Олай өшіп қалатын жүйе болса бізге қажеті қанша?

 

-          Негізі электронды журналдар 18 қатаң есептілік нысандары тізіміне жатады. Білім саласында әрбір есептілік нысан оқу жылының аяғында міндетті турде қағаз түрінде тапсырылуы қажет. Сол себептен мектептер жыл соңында электрондық журналдарды принтер арқылы басып, аудандық бөлім мұрағатқа тапсыруы қажет. Ол, әрине, кейбір қолайсыздық тудырады - себебі ол да, екі жұмыс болып тұр мектеп басқармасына. Бірақ біз заңға сай талаптарды сақтаумыз керек. БжҒМ және басқа мемлекеттік ұйымдар жақын болашақта осы мәселеге назар аударады деп үміттенеміз.

 

-          Ауылды жерде ешқандай ата-аналар электронды күнделікті пайдаланбайды. Интернет жақсы істемейді. Интернет болса да қарамайды. Оқушылар да солай. Олар кірмесе мектептің рейтингісіне кірмей ме? Мұғалім жазған үй тапсырмасын балалар электронды күнделіктен қарап орындамайды. Көбінесе ауызша тапсырады. Ал электронды күнделікке олар мүлде жүктемейді, себебі жағдай жоқ үйінде. Осыған не дейсіздер?

 

-          Бұл пікіріңізбен жартылай келісемін. Қазір алыс ауылдарда да, адамдар WhatsApp сияқты қосымшылар арқылы сүреттермен бөлісіп жүр. Сонда балаларымыздың білім беру саласына келсек ақпараттық технологияларды неге ұмытып қаламыз? Iшкі статистика арқылы біз кіретін де, кірмейтін де қолданушыларды нақты көріп отырмыз. Олардың ішінде қала немесе ауыл тұрғыны, ата-ана немесе мұғалім сияқты белгілерді көріп, қай сыныптың оқушысы жие кіреді, кім сирек қызыгушылық көрсетеді деген мәселелерді нақты зерттеп отырамыз. Сондықтан барлық ауылды жерде ешқандай ата-аналар электронды күнделікті пайдаланбайды деп есептеуге болмайды. Kundelik.kz-те тіркелген мектептердің ішінде 60% - ауыл мектептер. Бірақ сіздің сөзіңізде шындық бар. Себебі, алыс ауылды жерлерде ғаламтор жылдамдығы төмен екендігін барлық қауым салалары біледі. Білім басқармасы ондай мектеперді kundelik.kz сайтына тіркеуге жебермейді, себебі электрондық журналдарды толтыру мәселесі шешілу үшін, алдынала мектепке келетін ғаламтор жылдамдығын тузету қажет, мектепті компьютермен жабдықтау қажет, мектеп ішіндегі мұғалімдер дайын болуы қажет. Ал кейбір азаматтар Kүнделік жүйесі тек қана қалада болуы керек дейді. Сонда ауыл тұрғындары ақпараттық технологиялардан айырылған болады ма? Ауылдың оқушылары заманауи технологияларға да жақын болуы тиіс. Біз бәріміз ауылдан шықтық, акпараттық технологияларды ауылдағы келешек ұрпаққа тарату біздің міндетіміз деп ойлаймыз.

Mektep-news.kz