^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player
Статьи и обзоры nachodki.ru

          Әкімдердің есеп беру жиналысы басталды. Әдепкідей «массовкада» мұғалімдер. Жиналысқа барып жатсаңыз аузыңызға «замок» қойса жұлып алып тастап, мұғалім проблемаларын айтып қалыңыз. Келесіде 100 пайыз гарантия, жиналысқа бармайсыз... ТЕКСЕРУДЕН ӨТКЕН НҰСҚА.

Mektep-news.kz

 

"ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІК» мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқаратын БжҒ министрлігінің   жобаларының бірі. Негізі идеясы мен жасалу жағы мықты. Ресейдің өзі бізден «көшіріп» алып осы жобаны жүзеге асыруда.   

Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы  29 тамыз күнгі №536 жылғы «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасын пилоттық енгізу туралы бұйрығы шықты. (Кунделіктің адресі Kundelik.kz деп көрсетілген ) Онда ол жобаның 4000 мектепке енгізетіні жайлы жазылған.  Сонымен не керек  «ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІК» жобасына барлығымыз жабылып кірісіп кеттік. Бұл жоба негізі «ҚАЛА МЕН АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ, ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕҢСІЗДІКТІ» жоюға арналған бағдарлама.  Сонымен ауыл мен қала арасындағы теңсіздік жойылды. Тағы бір жақсы жағы ол интернет жоқ жерде де істей береді, тек телефоныңа біраз мб интернет салып қоюың керек. Бұрын журнал толтыруға, баға қоюға 3 минут бөлетін едік, енді 10 минут бөлетін болдық.  Керемет емес пе?! Күнтізбелік жоспарды қағазға жазып, бекітіп сосын электронды күнделікке  және жазамыз. Сабақтың күнделікті жоспарын компьютерге тереміз, сақтаймыз, сосын электронды күнделікке жүктейміз, қағазға және шығарамыз. Күнімен қағаз, түнімен электронды қағаз толтырамыз.    Негізі электронды күнделікті басқарып қарау үшін бір қосымша штат керек-ақ. Бірақ бюджет тапшылығынан ондай мүмкіндік болмағандықтан «қоғамдық жұмыс» ретінде арқалап жұмыс жасап жүрген әріптестерім қатты қуануда. (Ақша төленеді деп дәметуде) Интернет жоқ ауылдардың да қиналып жүргенін көрмейсің, қыстың қақаған аязы мен боранында көрші 50 шақырым жердегі интернеті бар ауылға барып толтыру деген не тәйірі?! Мұғалімдердің еңбекақысы өсіп жатыр емес пе,  пайдаланыңдар.  Әріптестерімнің де қуанышында шек жоқ. «Қала мен ауыл теңесу» деген расында керемет емес пе? Көрші Ресейдің өзі бізден «көшіріп» жатыр. Олардан біздің идеяны алғаны үшін олардан «ақша» аламыз. Сол ақшаға мектептерге интерактивті тақта, компьютер аламыз! Бір жағы «бизнес»!  Ата-аналардың телефонына күнде тегін смс лақтырамыз. Баласының қағаз күнделігін қопарып отырғанша интернет тауып алып, электронды күнделікті ашып мыжық-мыжық қағаздан логині мен паролін теріп сосын бағасын қарап отырғаны әлдеқандай жеңіл емес пе? БжҒМ де әр бала мен мұғалімдердің бағасы мен рейтингісіне қарап таңдай қағып отырады. Үздік мұғалімдер анықталып миллион теңгелеп сыйақылар алады қағаз жұзінде. Жақсы емес пе? Ұзын сөздің қысқасы не айтарымды, қалай жеткізерімді, қалай суреттейтінімді білмеймін. Жасай берсін реформаторлар дегеннен басқа сөзім жоқ....

 

"Зіл әзіл" айдары

М. Темірбек

 

Күн шыжығанына қарамай батпақ илеп сылақ сылап жатқанмын. Кенет телефон "шыр" ете қалды. 

- "Аудандық білім бөлімінен хабарласып тұрмыз"

(Қайдан ғана алдым екен телефонды)

- Иә?

- Сізбен бөлім басшысы жеке әңгіме өткізбекші, сағат 12 де келе қалсаңыз?

- Неге жай ма?

- Білмеймін келуіңіз керек...

Бармасқа лаж жоқ тағы не болып қалды деген ойлар мазалап суық суға шомыла салып машина отырып 85 шақырым ауданға тартып кеттім.

Кабинетіне барсам күтіп отыр екен. 

- Саламатсыз ба, байқаймын жазғы демалыс жақсы өтіп жатқан сияқты.

- Амансыз, иә "тамаша" өтіп жатыр.

- Енді демалыс уақытында мазалағаныма кешірім өтінем. Жалпы жұмыс өтіліңіз қанша?

- 11 жыл

- Ммм. Басшылық қызметте болған жоқсыз?

- Жоқ

- Ммм иә.

- Сізді ана шет ауылға мектепке барып директорлық қызметке тағайындасақ деп сол... Жеке әңгіме өткізуге...

Кенет құлақ шыңылдап ештеңе естір емес. Не боп кетті өзі? Директор? Хе . Көз алдыма әкімнің алдында қолбала болып жүрген директорлар... Зар илеп проблемаларын шеше алмай жүрген мұғалімдер елестеп кетті... Ертең бір жерге барармын, иілмесең сындырады, бұрылмасаң иеді. Қайда барсаң да, бас тарту керек... 

"Немене біз дипломды шөп жұлу үшін алдық па" деп ренжіп жүрген мұғалімдердің даусы келіп жатты құлағыма. 

"Директор отпускаға кетсе мектептер жунгли боп кетеді" деген әкімнің уәжі да естіліп жатты... "Гулдер неге суарылмайды, су қайда су!". Бетіме келіп шашылған судан ес жинап көзімді аштым. Екі кісінің бейнесі бұлдырайды. Астымдағы кресло батпаққа айналған. Телефоным шырылдап жатыр. Сөйтсем басымнан күн өтіп құлап түсіппін. "Шүкір, шүкір" деп қуанғаным ай! Сол қуанышымды сіздермен бөліскім кеп кетті...

 

Mektep-news.kz

-         

                26 жыл болыпты менің аудандық кәсіподақта отырғаныма. Пенсиядамын. Тағы бір сайланып көрмекке бел байлап отырмын. Қанша айтқанмен талай жыл отырған, жинаған тәжірибем бар емес пе. 26 жылда не істемедім десеңші! Қайта-қайта сайлану үшін жарғыны өзгерттік пе, әй сұрамай-ақ қой. Қайта сайлану үшін не істеу керек? Көп ойланудың, бас қатырудың қажеті шамалы. Үлкен ресторанға ақ дастархан жайып мектеп директорлары мен мектеп кәсіподақ төрағаларын шақырып, жол ақшаларын төлеп 5 мың теңгемен бастан ұрып қалсаң болды. Аудандық кәсіподақ төрағасы деген мандат «топ» ете қалады.  Аудан басшыларымен, білім беру бөлімінің басшыларымен «ауыз жаласып» алсаң болғаны.  Мектеп бухгалтерлерінің де «долясын» беріп мұғалімдердің, мектепте істейтін қызметкерлердің яғни кәсіподақ жарналарын есеп – шотқа «чики-чики» аудартып аласың. Сосын банктен алып облыстық, республикалық кәсіподақ «доляларын» жарналарын лақтырып қойсаң болды.  Мектеп қызметкерлері арасында 3 жылда бір рет спортакиада өткізіп тұрасың. Жолдың ақшасы деп 1000 теңгеден таратып, біраз ақша сындырып қаласың. 2000 теңгеден алдық деп қол қойдыртып аласың. Келмесе тіпті жақсы. Өтірік қол қойып қалтаңа баса бересің. 100 мың теңге еңбекақың бар. Түк бітірмей аудандық білім беру бөлімі берген кабинетке қонжиып отыра бересің. Құқым бұзылды деп келгендерді «сотқа жүгін» деп қоя бересің. Рахат иә? Ана жиналысқа кеттім, мына жиналысқа кеттім деп қалаған жағыңа жүре бересің.  Кейбір мүшелеріміз бар, бірбеткей қайтпайтын! Оларды білім беру бөлімінің басшысы, мектептің басшысы, өзім қосшысы болып қайта бас көтермейтіндей  «талап» тастаймыз. Қайта бас көтермейді. Кәсіподақ төрағалығына жастарды отырғызыңдар дейді, олар басқа басшылармен тіл табыса алмайды! Олар тура жүре береді де шорт сындырады. Ал біз болсақ «күте тұр», «кішкене қалды» «иә бірдеңе қыламыз» деп жүріп әйтеуір бірдеңе істейміз. Пенсия аламыз. Еңбекақыны сол себептен «азырақ» аламыз.   Мектептерге ай сайынғы 40 пайыз «доляларын» беріп отырамыз, тфу! 40 емес 50 пайыз ақшаларын беріп отырамыз. Мектептердегі кештерді ұйымдастырумен айналысамыз. Өйткені мектептерде мұғалім құқы бұзылмайды. Сенбілік, газетке «күштеп» жаздыру дей ме? Ондай нәрселер жоқ. Газетке әркім өз еркімен жазылады. Олардың қалталарынан ақшасын тартып алып не көшеге сүйреп алып шығып көше тазала демейміз ғой? Өздері еріктерімен істеп жүр.  Енді газетке жазылмаңдар, көше тазаламаңдар деп араша түсейік десек бізге орындығымыз қымбат дегендей, енді орнымыздан айырылып қаламыз ғой. Біздің кәсіподағымыз ұнамаса есік әне, шығып жүре бер! Сені кім ұстап тұр! Бірақ алдымен директорыңмен ақылдас, мақұл ма?  Алдында бір ұсыныстар болған... Жастар неге отырмайды деп. Жастарға әлі ерте. Олар тіл табыса алмайды. Иә тіл табыса алмайды. Ерте. Ағаларымен жағаласпасын –  деп ағынан жарылды бір ағамыз. «Ахаңның арқалығы ай»  кез келген адамды сайратады.

 

Әй бірақ, әдемі қартаю керек қой дегенмен....

Mektep-news.kz

 

Жайбарақат жұмыста жүргенмін. Кенет телефон безектеп қоя берді.

- «Әло, әло»!

- Иә тыңдап тұрмын

- Мейіржансың ба?

- Иә, саламатсыз ба?

- Саламат па. Сіз ертең сағат 10 00 де біздің мектепке келіп кете алмайсыз ба?

- Кіммен сөйлесір тұрмын?

- Мен сені оқытқан ұстазың Арман ғой?

- Ә, Арман аға қалыңыз қалай?

- Жақсы, жақсы, шүкір. Ертең келесің ғой?

- Жақсы аға, барайын.

- Иә, сол кезде сөйлесейік қалғанын...

Ертеңгі күні сағат 10  шамасында мектепке келдім.  Мектеп директорына келгенімді айтып едім, қолымнан жетектей жөнелді. Аман – саулық  сұрасып біраз әңгімелесіп отырдық. Сөздің төркіні негізгі іске қарай ауыса бастады. 

- Бізде енді өзің білесің, материалдық база жағы ақсап тұр. «Туған жерге тағзым» акциясы жүріп жатыр. Енді соған орай бір көмек жасасаң.

- Енді аға, ол жағын ойланайын. Қолымнан келсе аямаймын ғой дей бергенімде

- Қолыңнан келеді. Кабинеттің атын береміз атыңызға – деп қойып қалмасы бар ма.

- Не? Кабинет аты? Менің қандай еңбегім сіңіп еді? Ана еңбегі сіңіп жатқандарға берсеңіздерші атын десем

- Олардың еңбегі сіңуі сіңді ғой. Бірақ олардың қаражаты жетпейді ғой?

- Не? Енді елдерді бай, шонжар деп бөле бастағансыздар ма?

- Енді заң  тимайды ғой енді. «Мектепке қамқоршы» деген де бар ғой.

- Ол «жеумен» айналысатындардың ойлап тапқаны. Ертең мен мына мектепті гүлдендіріп отырайыншы, менің балама «өтірік баға» топырлатсын.

- Енді не ғой, бауырым сол, осы жағдай. Кабинет атында тұрған не бар. Кішкене «табличкаға» жазып іліп қоямыз.

- Аға, жасаған жақсылықты бұлдамайды. Тіпті оны ешкімнің білмегені де дұрыс.

- Солайы солай ғой, бірақ бізге мектепті жөндеп қалпына келтіріп, материалдық базаны жақсартуымыз керек. Әкімдіктерден пайда болмай тұр. Жоқ деп айта алмайсың. Айта бастасаң «Атаңның басына директор болып отырсың ба» деген жауап аласың.

- Жақсы аға, бір көмек жасайын. Мектебіңізді аралап көрейік.

Мектеп тоза бастаған. Кабинеттердің есіктері де айқыш-ойқыш. Терезелер жамау. Әр жерден краскамен өңделіп салынған стендтар қылаң береді.  «Информатика» кабинетінің жанына келгенде:

- Аға мына кабинетке кіріп көрейінші. 

- А, жақсы. 

Кіріп барсақ сабақ болып жатыр.  Балалар орындарынан өре түрегелді

- Сәлеметсіздер ме балалар.  Отыра беріңіздер

- Сабағыңызды бөлгенімізге кешірім өтінеміз – деп қоям.

- Мына кабинет бақандай 5 миллион теңгеге келді – деп директор таныстырып жатыр мені.

- 5 миллион теңгеге? Стол мен компьютерден басқа ештеңе көріп тұрғаным жоқ?

- Енді ол солай болады ғой. Ана папкаңның ішінен қағаздарын көрсетші – деді директор мұғалімге. Ол кісі «накладной» қағазды қолыма ұстатты. Қарап тұрып не күлерімді не жыларымды білмедім.

Кәдімгі базарда сатылатын «тоқ ұзартқыш» орысша «сетевой фильтр» бағасы 15 000 теңге!

Құлаққа ілетін «құлаққаптардың» бағасы 7 000 теңге! Іші алтынмен апталған болуы керек. Интерактивті тақтасы 1 миллион деп көрсетілген екен. Әрбір ноутбук 200 мың теңге! Мә мына балалар неткен бақытты! Суперноутбуктар мен «Қауіпсіз» супер «тоқ ұзартқыштар», құлаққа зиян келмейтін (интерактивті тақта мен құлаққаптар Қазақстанда жасалыпты) құлаққаптарды пайдаланып жүрген! Неткен бақыт! 

- Интерактивті тақтаңыз жұмыс істей ме?

- Істейді, бірақ арасында калибровкасы ауытқиды. Қалам ауада тұрса да жұмыс жасай береді. 

- Қалай? Ол тақтаны шығаратын компанияғы неге хабарласып айтпадыңыздар?

- Айттық, бас офисі Қарағандыда екен. Олар тауарды сатып алған мекемеге ғана жауап беретінін айтты.

- Жақсы онда мен 5 млн теңгеге осындай кабинет алып көрейін.

Директор мен мұғалімнің қуанышында шек жоқ! Қуанып кетті. Жаңағы мектептен накладной мен тауар тізімін алып Сулфак пен технодомды аралап компьютер мен орг техникаларды алуға шықтым. 

16 ноутбук 1 компьютер , принтер, интерактивті тақта алайын деп шештім.  16 ноутбукты 100 мыңнан таптым. 1 Компьютер 85 мыңға шықты. Принтер 42 мыңға түсті. 17 парта орындығымен 16 мыңнан айналды. Жоғарыда аталып өткен информатика кабинетінің құралдарымен бірдей, тек бағаларында ғана айырмашылық.  «Тоқ ұзартқыш» фильтрларды 800 теңгеден, «құлаққаптарды» 1000 теңгеден алдым. Барлығы 2 029600 теңгеге түсті. «Мә сонда на мектепке берілген 5 миллионға қатқан 2 кабинет алуға болады екен ғой» деген ой келді маған. Интерактивті тақтаны "осынша дүние алып жатырсың ғой" деп тегін берді! 

Барлық заттарды арнайы машина шақырып 30 мың теңгеге жалдап мектепке жеткіздім.  Оқушылардың қуанышында шек жоқ.  Не керек кабинеттің ашылуы болды. Атымның берілуіне үзілді-кесілді қарсы болдым. Мен туралы айтпай-ақ қойыңдар деп едім, газеттерге басып шулатты. 5 миллион теңгеге кабинет алып берді деп жазыпты газетте! Масқара! Мен 2 029 600 теңгеге алдым ғой? Бұл не сорақылық? Айтайын десем халық естіп алған. Үнсіз қалдым. Міне саған коррупция!

ПЫСЫ:  Мені мектептеріне шақыртып алды. Бармасыма қоймады.  Дастархан жайып шақырып мені күтті. Бірақ кеудемде әлі бірдеңе қатып тұрғандай болды. Астан ауыз тиейін десем осы астың ішінде қанша мұғалімнің тағдыры, қанша мұғалімнің көз жасы бар деп салаттарды араластырып қарай бердім, қарай бердім. Бір уақытта:

- Неғып тамақты сапырыстырып кеттің жесеңші – деген анамның сөзінен селк ете қалдым. Столдың басында ойға кетіп қалыппын. Бәсе менде қайдағы 2 миллион ақша, менен кабинет алып бер деп сұрайтындай миллионер емес едім ғой деп ойлап қоям. Бұл түс пе, не болып кетті өзі? Шәугімнің астында тұрған газетте «Туған жерге тағзым акциясымен түлектер мектепке кабинет сыйлады» деген жазуға көзім түсті. Кесел сол шәугімнің астындағы газеттен шыққан екен ғой. Асқа тәбетім соқпады. Орнымнан тұра беріп едім анам «балам тамағыңды ішкен жоқсың ғой?» деді. «Апа тәбетім соқпай тұр деп орнымнан тұра бердім.... 

 

Айтпақшы айтуға ұмытып барады екенмін, егер Қазақстандағы жасалған интерактивті тақтаны алсаңыздар екіншісін тегін береді, бағасы да арзан. Бірақ, бірақ, бірақ......

 

Мейіржан Темірбек