^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player
Бесплатные шаблоны Joomla

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АЙ ХАЙ 25 МЫҢ НЕМЕСЕ ПАЙ-ПАЙ 25 МЫҢ ТЕҢГЕ!

Айтайын ба айтпайын ба деп ойланып жүр едім. Ақыры әңгіме басталған екен. Айтайын. 25 мың теңге жайлы. "Племя" ма "премия" деуші ме еді құрғыр. Соны алыңдар деп шақыртыпты. Жеке есеп шотқа емес, конвертпен қолдарыңызға табыстайды, алғыс хаты да бар деген соң жиналып келіп қалдық ауданға. Мәдениет үйінің іші ығы-жығы кісі. Сыртта сыймай тұрған адам қаншама! Сыймай қалғандардың ішінде мен де бармын. Аяқты - аяққа соғып қойып тұрмын. Алғандары грамота мен конвертті алып шығып жатыр. Мәз. барлығы көңілді, бұрынғы өкпе-реніштерін ұмытқан сыңайлы. "Жасай берсін аудан әкімі, жасай берсін елбасы" деп баталарын беріп кетіп жатыр. 25 мың теңгенің құдіреті ай деп мен де тұрмын. Алсам ба, алмасам ба деп. "Әй мынау жақсы нәрсе болды" деп маңайымдағы ұстаздар мәз. кейбіреуі конвертті далаға шығар шықпастан ішіндегі ақшасын санап жатыр. Біреу айғайлап жатты " Ще за прикол ***** 25 мың 25 теңге" деп. маңайындағылар басу айтып жатты: "Саған артығымен берейін деген ғой, нең бар ала берсеңші". Сыртта ойланып тұрып тоңып кеткен соң машинаға барып машинаны қыздырып отырайын деп машинаға барып, музыканы айғайлатып қойып отырғам. Көзім ілініп кетіпті. Бір кезде біреу түртіп оятты: "25 мың теңге" деп бірдеме деп шүлдірлейді. Ақшаны ал деп жатыр ғой деп атып тұрдым. Мә қасқа, турси майкамен үйде жатыр екем! Бұл қалай болғаны, 25 мың теңгені ала-алмай қалдым ба деп қоям күбірлеп. "Қалай болғаны несі?" дейді келіншегім - "Ана кісі квартираның жал ақысын сұрап келіп тұр, бер 25 мың теңгесін" дейді. Ақшаны алып есік алдында тұрған үйдің иесіне беттедім. 25 мың теңгесін ұстатып кіре бергенде есік қағылды. Қайта барсам бір кісі тұр "25 мың жылу мен суға төлеңіз" деп. Оған соңғы ақшаны беріп құтылдым. Тағы біреуі келсе не істеймін?! Есік қайта қағылды. Ойбай ау енді қайттік? Сен аш та мен аш болдық. Еріксіз қоңырау соғып тұрып алған соң ашсам бір досым екен. "алдында квартираның ақшасын төлеймін деп 25 мың қарыз алып ең ғой, соны алсам?". Ақша болмай тұрғанын түсіндіріп зорға шығарып салып есімді жинап отырғанда телефор шырррррррррррр ете қалды. Біртүрлі нөмір. 

- Ало?

- Ало, бұл каспий банк қой! 25 мың теңгені қашан төлейсіз уақыт өтіп барады!

- Қойыңдаршы өзі түгел! - деп телефонды қоя салдым.

Содан таңнан бері көңіл күй жоқ, машинаға міне сап жұмысқа тарттым. Алдымнан МАЙ тоқтатты. 

- Сіз жылдамдықты арттырдыңыз, жарық жанбаған "Ш" белгісі жоқ, дөңгелегіңіз "шп" екен деді. Содан протокол толтырып 25 мың теңге айып-пұл жазып берді.... Жылайын бе күлейін бе?

Сонымен мектепке келсем газет журналдарға жазылыңдар деп жатыр екен. "Егемен Қазақстан" - 8500 Облыстық газет - 5500 тг, аудандық газет 3600 тг, пәндік журнал - 4000 тг, концертке 3100 тг, 300 тг принтердің краскісіне деп 25 000 тг жинап жатыр екен! БИНГО!!!

Әй құрысын бәрі, 25 мың теңгеңмен қосып! 

                                                                                                                                                                                 Мейіржан Темірбек

                                                                                                                                                                               "Ағартушы" ҚҚ мүшесі