^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player
Шаблоны для Joomla 3 здесь

 

Жайбарақат жұмыста жүргенмін. Кенет телефон безектеп қоя берді.

- «Әло, әло»!

- Иә тыңдап тұрмын

- Мейіржансың ба?

- Иә, саламатсыз ба?

- Саламат па. Сіз ертең сағат 10 00 де біздің мектепке келіп кете алмайсыз ба?

- Кіммен сөйлесір тұрмын?

- Мен сені оқытқан ұстазың Арман ғой?

- Ә, Арман аға қалыңыз қалай?

- Жақсы, жақсы, шүкір. Ертең келесің ғой?

- Жақсы аға, барайын.

- Иә, сол кезде сөйлесейік қалғанын...

Ертеңгі күні сағат 10  шамасында мектепке келдім.  Мектеп директорына келгенімді айтып едім, қолымнан жетектей жөнелді. Аман – саулық  сұрасып біраз әңгімелесіп отырдық. Сөздің төркіні негізгі іске қарай ауыса бастады. 

- Бізде енді өзің білесің, материалдық база жағы ақсап тұр. «Туған жерге тағзым» акциясы жүріп жатыр. Енді соған орай бір көмек жасасаң.

- Енді аға, ол жағын ойланайын. Қолымнан келсе аямаймын ғой дей бергенімде

- Қолыңнан келеді. Кабинеттің атын береміз атыңызға – деп қойып қалмасы бар ма.

- Не? Кабинет аты? Менің қандай еңбегім сіңіп еді? Ана еңбегі сіңіп жатқандарға берсеңіздерші атын десем

- Олардың еңбегі сіңуі сіңді ғой. Бірақ олардың қаражаты жетпейді ғой?

- Не? Енді елдерді бай, шонжар деп бөле бастағансыздар ма?

- Енді заң  тимайды ғой енді. «Мектепке қамқоршы» деген де бар ғой.

- Ол «жеумен» айналысатындардың ойлап тапқаны. Ертең мен мына мектепті гүлдендіріп отырайыншы, менің балама «өтірік баға» топырлатсын.

- Енді не ғой, бауырым сол, осы жағдай. Кабинет атында тұрған не бар. Кішкене «табличкаға» жазып іліп қоямыз.

- Аға, жасаған жақсылықты бұлдамайды. Тіпті оны ешкімнің білмегені де дұрыс.

- Солайы солай ғой, бірақ бізге мектепті жөндеп қалпына келтіріп, материалдық базаны жақсартуымыз керек. Әкімдіктерден пайда болмай тұр. Жоқ деп айта алмайсың. Айта бастасаң «Атаңның басына директор болып отырсың ба» деген жауап аласың.

- Жақсы аға, бір көмек жасайын. Мектебіңізді аралап көрейік.

Мектеп тоза бастаған. Кабинеттердің есіктері де айқыш-ойқыш. Терезелер жамау. Әр жерден краскамен өңделіп салынған стендтар қылаң береді.  «Информатика» кабинетінің жанына келгенде:

- Аға мына кабинетке кіріп көрейінші. 

- А, жақсы. 

Кіріп барсақ сабақ болып жатыр.  Балалар орындарынан өре түрегелді

- Сәлеметсіздер ме балалар.  Отыра беріңіздер

- Сабағыңызды бөлгенімізге кешірім өтінеміз – деп қоям.

- Мына кабинет бақандай 5 миллион теңгеге келді – деп директор таныстырып жатыр мені.

- 5 миллион теңгеге? Стол мен компьютерден басқа ештеңе көріп тұрғаным жоқ?

- Енді ол солай болады ғой. Ана папкаңның ішінен қағаздарын көрсетші – деді директор мұғалімге. Ол кісі «накладной» қағазды қолыма ұстатты. Қарап тұрып не күлерімді не жыларымды білмедім.

Кәдімгі базарда сатылатын «тоқ ұзартқыш» орысша «сетевой фильтр» бағасы 15 000 теңге!

Құлаққа ілетін «құлаққаптардың» бағасы 7 000 теңге! Іші алтынмен апталған болуы керек. Интерактивті тақтасы 1 миллион деп көрсетілген екен. Әрбір ноутбук 200 мың теңге! Мә мына балалар неткен бақытты! Суперноутбуктар мен «Қауіпсіз» супер «тоқ ұзартқыштар», құлаққа зиян келмейтін (интерактивті тақта мен құлаққаптар Қазақстанда жасалыпты) құлаққаптарды пайдаланып жүрген! Неткен бақыт! 

- Интерактивті тақтаңыз жұмыс істей ме?

- Істейді, бірақ арасында калибровкасы ауытқиды. Қалам ауада тұрса да жұмыс жасай береді. 

- Қалай? Ол тақтаны шығаратын компанияғы неге хабарласып айтпадыңыздар?

- Айттық, бас офисі Қарағандыда екен. Олар тауарды сатып алған мекемеге ғана жауап беретінін айтты.

- Жақсы онда мен 5 млн теңгеге осындай кабинет алып көрейін.

Директор мен мұғалімнің қуанышында шек жоқ! Қуанып кетті. Жаңағы мектептен накладной мен тауар тізімін алып Сулфак пен технодомды аралап компьютер мен орг техникаларды алуға шықтым. 

16 ноутбук 1 компьютер , принтер, интерактивті тақта алайын деп шештім.  16 ноутбукты 100 мыңнан таптым. 1 Компьютер 85 мыңға шықты. Принтер 42 мыңға түсті. 17 парта орындығымен 16 мыңнан айналды. Жоғарыда аталып өткен информатика кабинетінің құралдарымен бірдей, тек бағаларында ғана айырмашылық.  «Тоқ ұзартқыш» фильтрларды 800 теңгеден, «құлаққаптарды» 1000 теңгеден алдым. Барлығы 2 029600 теңгеге түсті. «Мә сонда на мектепке берілген 5 миллионға қатқан 2 кабинет алуға болады екен ғой» деген ой келді маған. Интерактивті тақтаны "осынша дүние алып жатырсың ғой" деп тегін берді! 

Барлық заттарды арнайы машина шақырып 30 мың теңгеге жалдап мектепке жеткіздім.  Оқушылардың қуанышында шек жоқ.  Не керек кабинеттің ашылуы болды. Атымның берілуіне үзілді-кесілді қарсы болдым. Мен туралы айтпай-ақ қойыңдар деп едім, газеттерге басып шулатты. 5 миллион теңгеге кабинет алып берді деп жазыпты газетте! Масқара! Мен 2 029 600 теңгеге алдым ғой? Бұл не сорақылық? Айтайын десем халық естіп алған. Үнсіз қалдым. Міне саған коррупция!

ПЫСЫ:  Мені мектептеріне шақыртып алды. Бармасыма қоймады.  Дастархан жайып шақырып мені күтті. Бірақ кеудемде әлі бірдеңе қатып тұрғандай болды. Астан ауыз тиейін десем осы астың ішінде қанша мұғалімнің тағдыры, қанша мұғалімнің көз жасы бар деп салаттарды араластырып қарай бердім, қарай бердім. Бір уақытта:

- Неғып тамақты сапырыстырып кеттің жесеңші – деген анамның сөзінен селк ете қалдым. Столдың басында ойға кетіп қалыппын. Бәсе менде қайдағы 2 миллион ақша, менен кабинет алып бер деп сұрайтындай миллионер емес едім ғой деп ойлап қоям. Бұл түс пе, не болып кетті өзі? Шәугімнің астында тұрған газетте «Туған жерге тағзым акциясымен түлектер мектепке кабинет сыйлады» деген жазуға көзім түсті. Кесел сол шәугімнің астындағы газеттен шыққан екен ғой. Асқа тәбетім соқпады. Орнымнан тұра беріп едім анам «балам тамағыңды ішкен жоқсың ғой?» деді. «Апа тәбетім соқпай тұр деп орнымнан тұра бердім.... 

 

Айтпақшы айтуға ұмытып барады екенмін, егер Қазақстандағы жасалған интерактивті тақтаны алсаңыздар екіншісін тегін береді, бағасы да арзан. Бірақ, бірақ, бірақ......

 

Мейіржан Темірбек