^UP

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5


Оқу-инемен құдық қазғандай

Оқусыз білім жоқ

Қартайғанда оқыған оқу-

мұзға жазғанмен бірдей

Мұғалім - мемлекеттің құлы емес!

Get Adobe Flash player

"ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІК» мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқаратын БжҒ министрлігінің   жобаларының бірі. Негізі идеясы мен жасалу жағы мықты. Ресейдің өзі бізден «көшіріп» алып осы жобаны жүзеге асыруда.   

Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы  29 тамыз күнгі №536 жылғы «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасын пилоттық енгізу туралы бұйрығы шықты. (Кунделіктің адресі Kundelik.kz деп көрсетілген ) Онда ол жобаның 4000 мектепке енгізетіні жайлы жазылған.  Сонымен не керек  «ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІК» жобасына барлығымыз жабылып кірісіп кеттік. Бұл жоба негізі «ҚАЛА МЕН АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ, ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕҢСІЗДІКТІ» жоюға арналған бағдарлама.  Сонымен ауыл мен қала арасындағы теңсіздік жойылды. Тағы бір жақсы жағы ол интернет жоқ жерде де істей береді, тек телефоныңа біраз мб интернет салып қоюың керек. Бұрын журнал толтыруға, баға қоюға 3 минут бөлетін едік, енді 10 минут бөлетін болдық.  Керемет емес пе?! Күнтізбелік жоспарды қағазға жазып, бекітіп сосын электронды күнделікке  және жазамыз. Сабақтың күнделікті жоспарын компьютерге тереміз, сақтаймыз, сосын электронды күнделікке жүктейміз, қағазға және шығарамыз. Күнімен қағаз, түнімен электронды қағаз толтырамыз.    Негізі электронды күнделікті басқарып қарау үшін бір қосымша штат керек-ақ. Бірақ бюджет тапшылығынан ондай мүмкіндік болмағандықтан «қоғамдық жұмыс» ретінде арқалап жұмыс жасап жүрген әріптестерім қатты қуануда. (Ақша төленеді деп дәметуде) Интернет жоқ ауылдардың да қиналып жүргенін көрмейсің, қыстың қақаған аязы мен боранында көрші 50 шақырым жердегі интернеті бар ауылға барып толтыру деген не тәйірі?! Мұғалімдердің еңбекақысы өсіп жатыр емес пе,  пайдаланыңдар.  Әріптестерімнің де қуанышында шек жоқ. «Қала мен ауыл теңесу» деген расында керемет емес пе? Көрші Ресейдің өзі бізден «көшіріп» жатыр. Олардан біздің идеяны алғаны үшін олардан «ақша» аламыз. Сол ақшаға мектептерге интерактивті тақта, компьютер аламыз! Бір жағы «бизнес»!  Ата-аналардың телефонына күнде тегін смс лақтырамыз. Баласының қағаз күнделігін қопарып отырғанша интернет тауып алып, электронды күнделікті ашып мыжық-мыжық қағаздан логині мен паролін теріп сосын бағасын қарап отырғаны әлдеқандай жеңіл емес пе? БжҒМ де әр бала мен мұғалімдердің бағасы мен рейтингісіне қарап таңдай қағып отырады. Үздік мұғалімдер анықталып миллион теңгелеп сыйақылар алады қағаз жұзінде. Жақсы емес пе? Ұзын сөздің қысқасы не айтарымды, қалай жеткізерімді, қалай суреттейтінімді білмеймін. Жасай берсін реформаторлар дегеннен басқа сөзім жоқ....

 

"Зіл әзіл" айдары

М. Темірбек